Қазақстандағы жаңа медианың даму тенденциялары


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 53

Авторлар

  • М.Б. Шиндалиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • У.М. Бахтикиреева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А.Т. Сериков Ресей Халықтар Достастығы университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-136-3-96-103

Кілт сөздер:

жаңа медиа, цифрлық технологиялар, трансформация, тенденциялар, конвергенция, медиажүйе

Аңдатпа

Ақпараттың космостық жылдамдықпен дамып жатқанын ескерсек,
сәйкесінше, жаңа технологиялардың да күн санап дамуы заңды құбылыс. Жалпы, ХХІ
ғасыр – цифрлық медиа мен жаңа медиа мүмкіндіктер ғасыры екендігі бәрімізге мәлім. Сол
себепті, жаңа медиа технологияларды, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды
игерудің маңызы артты әрі әртүрлі сипаттағы тенденциялар да пайда болды. Негізінен,
жаңа медианың дамуында әртүрлі тенденциялардың болуы да заңды, себебі, жаңа
технологиялар қоғамның барлық саласына әсер етті, яғни, көптеген салаларды біріктірді,
трансформацияға ұшыратты. Заманауи медиажүйеде әртүрлі деңгейдегі, жаһандық және
жергілікті, сыртқы және ішкі мәселелердің туындағанын байқауға болады. Мәселен, жаңа
медиажүйе элементтерінің ішкі және сыртқы байланыстары арасындағы диспропорция,
әртүрлі субъектілердің, субъектілер мен аудиторияның өзара әрекеттестігінің болмауы
т.б. Бұл өз кезегінде әлеуметтік жүйе тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Біз осы
мақалада, алдымен жаңа медиалардың түрлеріне, бұқаралық ақпарат құралдарының
болашағына, олардың даму тенденцияларына тоқталатын боламыз. Атап айтсақ,
мобильді бейнемаркетинг, VR, AR – бағдарламалық құрылғылары т.б. және жаңа медиа
мен ескі медиа арасындағы тенденциялар, технологиялық конвергенциядағы тенденциялар,
БАҚ конвергенциясындағы тенденциялар т.б. Жаңа технологиялардың дамуымен қатар,
цифрлық мәдениет қалыптасып келе жатқан қоғамда, жаңаша бағыттар мен жүйелердің
- медиортадағы функциясы мен қызметін, әрі даму сатысындағы кедергілері мен
мүмкіншіліктерін ескеру маңызды.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шиндалиева, М., Бахтикиреева, У. ., & Сериков, А. (2021). Қазақстандағы жаңа медианың даму тенденциялары. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 136(3), 96–103. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-136-3-96-103

Журналдың саны

Бөлім

Статьи