Ретракция

Мақалаларды кері қайтару (ретракциялау)

Журнал редакциясы халықаралық жарияланым этикасының стандарттарын, атап айтқанда, Committee on Publication Ethics (COPE) ұсынымдарын басшылыққа алады.

Ретракция (мақаланы кері қайтарып алу) – жарияланған материалда ғылыми немесе жарияланым этикасының елеулі бұзылғаны, не болмаса зерттеу қорытындыларын сенімсіз ететін айқын қателер бар екендігі туралы редакция мен оқырмандарға ресми түрде хабарлау рәсімі. Ретракция кезінде мақала журнал мұрағатынан өшірілмейді, бірақ электрондық және баспа нұсқаларында «Ретракцияланды» деген белгімен және себептері көрсетіліп беріледі.

Мақаланы ретракциялау – академиялық адалдықтың елеулі құқықбұзушылықтар анықталған жағдайларда қолданылатын ресми рәсім. Оларға мыналар жатады:

– анықталған плагиат, жасырын мәтіндік/идеялық көшіріп алу, қайталама жарияланым;

– деректерді қолдан жасау (фабрикация) немесе бұрмалау (фальсификация)

– зерттеу нәтижелерінің түсіндірмесін түбегейлі өзгертетін елеулі әдістемелік немесе фактологиялық қателер;

– үшінші тұлғалардың құқықтарын (соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды) бұзу;

– маңызды мүдделер қақтығысын жасыру;

– редакция айқындаған немесе тәуелсіз сарапшылар растаған өзге де өрескел жарияланым этикасын бұзу жағдайлары.

  • Ретракциялау рәсімін бастамашысы ретінде автор(лар), оқырмандар, рецензенттер, редакторлар, сондай-ақ зерттеуге қатысы бар ұйымдардың өкілдері бола алады. Ретракция туралы өтініш негіздемені және құжаттық дәлелдемелерді де қамтуы тиіс.
  • Өтініш түскеннен кейін редакциялық алқа ішкі тексеріс жүргізеді, қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшыларды тартады және авторлардан түсіндірме сұрайды. Тексеру қорытындысы бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

– кемшіліктерді ретракциясыз түзету мүмкін болса, түзетіп жариялау;

– мақаланы ретракциялау және ретракция туралы ресми хабарлама жариялау;

– жеткілікті негіздер болмаған жағдайда ретракциядан бас тарту.

Осындай жағдайларда жарияланған мақала ретракцияланады:

  • журналдың электрондық және баспа нұсқаларында ретракция туралы хабарлама жарияланады;
  • мақаланың метадеректерінде себептері көрсетіле отырып «РЕТРАКЦИЯЛАНДЫ» деген белгі қойылады;
  • мақала сенімсіз дереккөз ретінде ғылыми айналымнан шығарылады.
  • Ретракциялау жүргізілген жағдайда журналдың электрондық мұрағатында және метадеректерде «Ретракцияланды» деген белгі қойылады, ретракцияның себептері сипатталған және бастапқы мақалаға сілтеме берілген жеке хабарлама жарияланады. Мақала мәтіні ғылыми ашықтық пен адалдық мақсатында қолжетімді болып қала береді, бірақ оның сенімсіздігі туралы айқын ескерту қоса беріледі.

Автор тарапынан жариялау үшін төленген барлық төлемдер қайтарылмайды.

Ретракцияның мақсаты – ғылыми адалдықты сақтау, авторлық құқықты қорғау және ғылыми қауымдастықтың жарияланған материалдарға деген сенімін нығайту.

Журналдың ретракциялау саясаты Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (COPE) ұсынымдарына негізделген және жарияланатын материалдарға деген жоғары сенім деңгейін қолдауға, сондай-ақ ғылыми білімнің тұтастығын қорғауға бағытталған.