Қазіргі медиадағы clickbait тақырыптардың аудиторияға әсері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-127-138

Кілт сөздер:

clickbait, әлеуметтік желі, ақпарат алаңы, медиакеңістік, медиасауаттылық, эмоция, интрига

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстан медиакеңістігіндегі әлеуметтік желілердегі clickbait тақырыптардың ерекшелігі, аудиторияға әсері мен ақпараттық құндылығы қарастырылған. Негізгі мақсат - кеңінен өріс алған clickbait тақырып құрастырудың негізгі принциптері мен аудиторияға әсері, ақпаратты қабылдау мәдениетіне тигізіп отырған ықпалы мен медиасауаттылықты қажет ететін тұстары кеңінен зерделенген. Зерттеуде контент-талдау, салыстырмалы сараптама, әдебиеттерге шолу мен әлеуметтік желіде жарық көрген материалдарды нақты мысалдар негізінде талдап, таразылау әдісі пайдаланылды. Facebook, Іnstagram, YouTube, TikTok, Telegram әлеуметтік желілеріндегі және қазақ тіліндегі сайттар мен контенттердегі clickbait тақырыптардың түрлеріне нақты мысалдармен талдау жасалды. Анықталғандай clickbait тақырыптар аудитория назарын аударып қана қоймай, кері байланыс, қаралым санына да едәуір әсер ететіні дәлелденді. Clickbait тақырыптар аудиторияны мәтіннің немесе бейнематериалдың нақты мазмұны жөнінде жаңсақ түсінік қалыптастыруға және олардың назарын аударып, материалды қарауға ынталандыруға бағытталған ақпараттық тәсіл ретінде сипатталады. Бұл құбылыс «кликбейт» немесе оқырмандарды әдейі сенсациялық немесе толық емес ақпаратпен адастыру арқылы сілтемені басуға мәжбүрлейтін кликбейт тақырыбы деп аталады. Бұл мақала қазақстандық зерттеушілерге меди-акеңістіктегі clickbait тақырыптарды қарастыру барысында теориялық және тәжірибелік негіз етіп алуға жарамды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-10-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шиндалиева, М. ., & Жанысбаева, А. (2026). Қазіргі медиадағы clickbait тақырыптардың аудиторияға әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 156(3), 127–138. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-127-138

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)