Қазақстан медиасындағы цифрлық трансформацияның даму үрдістері мен ерекшеліктері
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
цифрлық трансформация, жаңа медиа, мультимедиялық журналистика, деректер журналистикасы, подкастинг, жасанды интеллектАңдатпа
XXI ғасыр - ақпараттық қоғам мен технологиялық жаңғыру дәуірі. Бұл кезеңде цифрлық трансформация ұғымы тек экономикалық немесе техникалық салалармен шектелмей, әлеуметтік-коммуникативтік жүйелердің де негізгі қозғаушы күшіне айналды. Соның ішінде журналистика цифрлық технологиялардың ықпалына ең терең кіріккен салаларының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда ақпарат өндіру, тарату және қабылдау процестері түбегейлі өзгеріп, журналистиканың дәстүрлі пішіндері жаңа медиа форматтармен алмасты. Осы тұрғыдан алғанда, цифрлық трансформацияның журналистикаға әсерін ғылыми тұрғыда талдау теориялық және практикалық маңызы жоғары өзекті мәселе. Зерттеу нәтижесінде цифрлық трансформация журналистиканың даму траекториясын түбегейлі өзгертетіні дәлелденді. Ақпараттық жылдамдық, интерактивтілік және мультимедиялық баяндау тәсілдері заманауи журналистің кәсіби құзыреттілігінің басты көрсеткішіне айналды. Сонымен бірге, этикалық жауапкершілік, фактчекинг және аудиториямен сенімді қарым-қатынас сақтау - цифрлық дәуірдегі журналистиканың басты миссиясы болып қала бермек. Мақалада цифрлық трансформация ұғымының мәнін ашып, оның қазіргі журналистикадағы көріністерін, ықпал ету тетіктерін және ұлттық медиакеңістіктегі даму ерекшеліктеріне талдау жасалған.




