Қазіргі журналистикадағы цифрлық трансформация ерекшеліктері

Қазіргі журналистикадағы цифрлық трансформация ерекшеліктері


Қаралымдар: 0

Авторлар

  • Менликул Шиндалиева Алматы Менеджмент Университет

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: Цифрлық трансформация, жаңа медиа, мультимедиялық журналистика, деректер журналистикасы, подкастинг, медиасауаттылық, фактчекинг, этика, кәсіби стандарттар, жасанды интеллект.

Аңдатпа

Аңдатпа. XXI ғасыр - ақпараттық қоғам мен технологиялық жаңғыру дәуірі. Бұл кезеңде цифрлық трансформация ұғымы тек экономикалық немесе техникалық салалармен шектелмей, әлеуметтік-коммуникативтік жүйелердің де негізгі қозғаушы күшіне айналды. Соның ішінде журналистика цифрлық технологиялардың ықпалына ең терең кіріккен салаларының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда ақпарат өндіру, тарату және қабылдау процестері түбегейлі өзгеріп, журналистиканың дәстүрлі пішіндері жаңа медиа форматтармен алмасты. Осы тұрғыдан алғанда, цифрлық трансформацияның журналистикаға әсерін ғылыми тұрғыда талдау теориялық және практикалық маңызы жоғары өзекті мәселе.

Цифрлық технологиялар медиа өндірісті автоматтандырып, жаңалық тарату жылдамдығын арттырып қана қоймай, журналистің кәсіби рөлін өзгертті. Қазіргі журналист тек ақпарат жеткізуші емес, ол – мультимедиялық контент жасаушы, аудиториямен интерактивті байланыс орнатушы, әрі цифрлық кеңістіктің этикалық модераторы. Сондықтан зерттеудің өзектілігі - жаңа технологиялардың журналистикадағы кәсіби стандарттарға, этика мен қоғаммен қарым-қатынасқа тигізген әсерін кешенді түрде ашу.

Ізденістің негізгі мақсаты – цифрлық трансформацияның қазіргі журналистикадағы даму үрдістеріне, кәсіби стандарттарға және жаңа медиа форматтарының қалыптасуына әсерін анықтау. Мұнда цифрлық трансформация ұғымының теориялық негіздерін, журналистика саласындағы жаңа технологиялар мен контент форматтарының (онлайн, мультимедиялық, мобильді, подкастинг және деректер журналистикасы) ерекшеліктерін талдай отырып, цифрлық дәуірде журналистік этика мен кәсіби стандарттардың өзгерісі туралы талдаймыз. Қазақстандық медиакеңістіктегі цифрлық журналистиканың даму бағыттары мен болашақ журналистика дамуына қатысты болжамдар ұсыну, зерттеу негізгі міндеттерінің бірі.

Зерттеу нысаны ретінде қазіргі Қазақстандағы және әлемдік тәжірибедегі цифрлық журналистика үдерістері алынды. Зерттеу пәні - цифрлық технологиялардың журналистік контентке, этика мен кәсіби стандарттарға әсері.

Мақалада талдау, салыстыру, контент-талдау, бақылау, және синтездеу әдістері қолданылды. Автор медиасферадағы нақты мысалдарды (қазақстандық интернет-басылымдар, подкаст платформалар, мультимедиялық жобалар) саралай отырып, журналистикадағы трансформацияның негізгі бағыттарын теориялық және практикалық тұрғыда түсіндіріледі.

Зерттеу нәтижесінде цифрлық трансформация журналистиканың даму траекториясын түбегейлі өзгертетіні дәлелденеді. Ақпараттық жылдамдық, интерактивтілік және мультимедиялық баяндау тәсілдері заманауи журналистің кәсіби құзыреттілігінің басты көрсеткішіне айналды. Сонымен бірге, этикалық жауапкершілік, фактчекинг және аудиториямен сенімді қарым-қатынас сақтау - цифрлық дәуірдегі журналистиканың басты миссиясы болып қала бермек. Практикалық тұрғыда бұл зерттеу журналистика факультеттерінде «Жаңа медиа», «Мультимедиялық журналистика», «Медиаэтика» пәндерін оқытуда қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға жарамды.

 

Жарияланды

2026-06-08

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шиндалиева, М. (2026). Қазіргі журналистикадағы цифрлық трансформация ерекшеліктері: Қазіргі журналистикадағы цифрлық трансформация ерекшеліктері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 154(1). Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/825

Журналдың саны

Бөлім

Статьи