Қоғам мен коммуникацияның интерактивті үлгісі және виртуалды саясат тұжырымы
Қаралымдар: 30 / PDF жүктеулері: 24
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-122-1-36-41Кілт сөздер:
жаңа медиа, интерактивті медиа, коммуникациядағы интерактивті үлгі, виртуалды саясат, сананы бұрмалау технологиясыАңдатпа
Мақалада жаңа медиалардың қоғамдағы маңызы артып, рөлінің күшеюі қарастырылған. Ғылыми терминологияға жаңа коммуникативтік құралдар немесе жаңа медиа ұғымы
XX-ғасырдың соңында енгізіле бастады. Ақпараттық прогрестің әсерімен дәстүрлі медиалармен
қатар, қоғамда коммуникацияның интерактивті үлгісі пайда болды.
Олардың көмегімен саяси құрылымдар, экономикалық топтар қоғамды өзіне қаратуға тырысады. Электоралды кезеңдерде саяси партиялар өз бағдарламаларын насихаттау үшін әлеуметтік
желілерге, жаңа медиа мен Интернетке жүгінеді.
Автор мақаласында виртуалды саясат ұғымына талдау жасайды. Нақты саясат пен сананы
бұрмалауға арналған технологияларды қолданатын виртуалды саясаттың көріністерін сипаттайды.
Виртуалды саясатта қоғам да, халық та нақты саясаттан шеттетіледі.
Қоғамдағы виртуалды саясат пен нақты саясат арасындағы айырмашылықты халыққа көрсетіп түсіндіруде саяси күштердің маңызы ерекше.