Жастардың қазақ тілін жаңа медиа ортада қолдану перспективаларын болжау


Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 88

Авторлар

Кілт сөздер:

жастар, қазақ тілі, жаңа медиа, цифрлық коммуникация, тілдік таңдау, тіл саясаты, тілдік сәйкестік

Аңдатпа

Бұл мақалада жаңа медиа ортада қазақ тілін қолдану пер- спективаларына арналған әлеуметтік зерттеудің нәтижелері ұсынылады. Зерттеу мақсаты – 14–35 жас аралығындағы жастардың қазақ тілін күнделікті және цифрлық кеңістікте қаншалықты белсенді қолданатынын, болашақтағы тілдік басымдықтарын және ана тіліне деген азаматтық көзқарасын анықтау. Жұмыс аясында 1000 респондентке сауалнама жүргізілді. Зерттеуде сауалнамалау, сандық-статистикалық талдау әдістері қолданылды. Нәтижелер жастардың басым бөлігі қазақ тілінің сақталуын және дамуын маңызды санайтынын көрсетті. Дегенмен, цифрлық орта- да қазақ тілін тұтыну мен пайдалану кейбір жағдайларда шет тілдермен бәсекеге түсе алмай отырғанын байқауға болады. Зерттеу жаңа медиадағы тілдік таңдау, тілдік ұрпақтар сабақтастығы, мәдени сәйкестік және цифрлық сауаттылық арасындағы өзара байланысты ашып көрсетті. Алынған нәтижелер қазақ тілін дамыту бойынша жастардың ішкі мотивациясы бар екенін, алайда ол қолдаушы инфрақұрылыммен және кон- тенттік ұсыныспен ұштасқанда ғана нәтижелі болатынын дәлелдейді. Жұмыс тіл саясаты, білім беру және медиа салаларында нақты ұсыныстар жасауға негіз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Есенбекова, Ұ. ., Сыздықова, А. ., & Сақ, Қ. . (2025). Жастардың қазақ тілін жаңа медиа ортада қолдану перспективаларын болжау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 152(3), 34–65. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/786

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>