Қазақстандық YouTube подкасттарындағы коммуникация этикасы: еркіндік пен жауапкершілік дилеммасы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
Кілт сөздер:
Цифрлық журналистика, медиа этика, YouTube подкастинг, Этика кодексіАңдатпа
Қазіргі Қазақстанның цифрлық медиа кеңістігі жылдам трансформация
процесін бастан кешіп отыр. Әсіресе YouTube желісіндегі подкастинг форматы қоғамдық
пікірталас жүргізудің жаңа алаңына айналып, аудиторияны дәстүрлі медиадан
алыстатып, бейресми, көбіне бақылаудан тыс дискурстың қалыптасуына жол ашты. Бұл
зерттеу Қазақстандағы YouTube подкастерлерінің коммуникация этикасына қатысын,
олардың сөз бостандығы мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті
қалай сақтайтынын және Журналистің этикалық кодексінің талаптарын қаншалықты
орындайтынын талдайды. Сапалық контент-талдау нәтижелері подкастерлердің
алгоритм тұрғысында көріну үшін күрес барысында сенсационализмге, өшпенділік
риторикасына, гендерлік стереотиптерді күшейтуге, виктимблеймингке, сондай-ақ
«whataboutism» сияқты манипуляциялық стратегияларға жиі жүгінетінін көрсетті.
Журналист, жазушы Қанат Тілеуханның YouTube арнасында жарияланған ақын,
драматург Бақыт Беделханмен сұхбаты, сондай-ақ оған байланысты айтылған кәсіби
сын-пікірлер зерттеудің негізгі контенттік кейсі ретінде қарастырылып, цифрлық
медиадағы сұхбат алушының қақпашы (gatekeeping) дағдарысын, фактчекингті
жүйелі түрде айналып өтуді және аудиторияда эмоционалды резонанс тудыру арқылы
табыс табуға негізделген назар экономикасының этикалық қауіптерін айқындады.
Зерттеу нәтижелері Этикалық кодекстің цифрлық ортада өз күшін толық сақтай
алмауының институционалдық себептерін ашып, кәсіби ұйымдар, подкаст өндірісі және
платформалық реттеудің жаңа моделін қалыптастыру қажеттілігін алға тартады




