Алаш қозғалысы мен «Мэйдзи исин» бағдарламасының баспасөзге ықпалы
Қаралымдар: 94 / PDF жүктеулері: 4
Кілт сөздер:
Алаш, Мэйдзи исин, баспасөз, ұлт, тарих, қоғам, журналистикаАңдатпа
Бұл зерттеу мақаласы қазақ қоғамында үлкен өзгерістердің
бастамасы болған «Мэйдзи исин» бағдарламасы мен ұлттық журналисти-
каның бастауына негіз болған Алаш баспасөзі туралы. ХХ ғасырдың басы
қазақ қоғамы үшін ұлы өзгерістер кезеңі болды. Бұл өзгеріс оқыған алаш
азаматтарының алға шығып, атқа қонуына себепкер болды. Мақаланың
өзегі болған «Мэйдзи исин» бағдарламасының пайда болу кезеңі ғылыми
тұрғыдан сарапталып, зерттелді. Жапондық бағдарламаны қазіргі тұрғы-
дан қарастырып, ғылыми тұжырымдар жасау және оны қоғам игілігіне
ұсыну авторлардың басты міндеті ретінде айқындалды. Қазақ қоғамын-
дағы жаңашылдығымен ерекшеленген, болашаққа бағыт-бағдар берген
саналы әрі сапалы құбылыс ретінде Алаш қозғалысының баспасөзге әсері
зерттеліп, осы бағытта ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Ұлт әде-
биетін, мәдениеті мен ғылымын биік деңгейге көтеруге үлес қосқан Алаш
баспасөзінің қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі ерекше. Зерттеу
мақаласының мақсаты – Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуына
әсер еткен «Мэйдзи исин» бағдарламасының тарихи маңызы мен қажет-
тілігін талдай отырып, оның идеялық ұстанымдарының қазақ зиялыла-
рының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ұлттық баспасөздің дамуына
ықпалын жан-жақты қарастыру. Мақалада тарихи талдау, салыстырмалы
талдау әдістері қолданылған. Зерттеу жұмысы төл тарихын танып, ұлт-
тық құндылықтарын қадірлей білетін, мәдениеті мен әдебиетін бойына
сіңірген ұлт қана әлемдік аренада өз орнын таба алатынын негізге ала
отырып жазылды. Алынған зерттеу нәтижелері негізінде Алаш қозғалы-
сы мен «Мэйдзи исин» бағдарламасының қазақ журналистикасына тигіз-
ген ықпалы ғылыми тұрғыдан сараланды.




