Жасанды интеллектінің баспасөз менеджменті мен маркетингтегі рөлі
Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 38
Кілт сөздер:
жасанды интеллект, мерзімді баспасөз, маркетинг, басқару, нейрожелі, медеиа автоматтандыру, ChatGPTАңдатпа
Мақалада мерзімді баспасөз менеджменті мен маркетинг салаларын дамытуда жасанды интеллектінің (ЖИ) ықпалы зерттелді. ЖИ-дің әлемдік баспасөз тәжірибесінде қолданылуы талданып, оның тиімділікті арттырудағы рөлі айқындалды. Жұмыста ЖИ-дің контент жасау, жарнамалық стратегияларды жетілдіру, басқару үдерістерін автоматтандыру сияқты мүмкіндіктері қарастырылған.Зерттеу барысында The New York Times, Bloomberg, Washington Post, BBC сияқты басылымдардың тәжірибесі сараланды. Әдіс ретінде сапалық және сандық талдау қолданылып, жасанды интеллектінің уақытты үнемдеудегі, аудиториямен байланыс орнатудағы тиімділігі дәлелденді.Бұл зерттеу ЖИ технологияларын баспасөзде қолдану арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға әрі саладағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге бағытталған. Ғылыми маңыздылығы – ЖИ-дің медиа индустриясындағы рөлін жүйелі түрде түсіндірсе, практикалық маңыздылығы – баспасөз ұйымдарына ЖИ құралдарын тиімді қолдану жолдарын ұсынады. Мақала зерттеушілерге, журналистерге және медиа саласындағы мамандарға арналған.