Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы
Гонзо – журналистикасы
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 5
Кілт сөздер:
гонзо, журналистика, ақпарат, автор, дерек, публицисти- ка, стиль, жаңа медиаАңдатпа
Қазіргі журналистика мамандығы көбіне әлеуметтік сипатқа ие болып барады. Журналистер ақпарат пен деректерді сараптау арқылы жеткізіп қана қоймай, мәселенің өзектілігіне жұртшылық назарын аударуды көздейді. Қазақстандағы гонзо журналистиканың типологиясы, массмедиадағы орны мен ерекшелігі бүгінгі журналистика теориясындағы өзекті тақырып және жан-жақты талдауды қажет етеді. Зерттеу жұмысының басты мақсаты – гонзо ұғымын ашу, бұл бағыттың артықшылықтары, қазақ журналистикасындағы орны мен рөліне тоқталып, қазіргі әртүрлі авторлар шығармашылығында гонзаның жаңа интерпретацияға ұшырап, автордың жазған материалының танымалдыққа ие болу мүмкіндіктерін арттырып отырғанын дәйектеу. Осы тақырыпты зерттеу барысында еліміздегі қай массмедиа саласында гонзо журналистикаға басымдық беретіні, қандай авторлардың публицистикасында гонзо стиліндегі материалдар орын алып жүргені сарапталып, жан-жақты талданады. Зерттелімнің әдіснамасында заманауи БАҚ-тағы гонзо – журналистиканың әдістері мен тәсілдерін қолдану ерекшеліктерін тек бақылап қана қоймай, салыстырып талдап, түсіндіреміз. Қазіргі жаңа массмедиа саласының даму барысындағы «гонзо- журналистика» деген ұғымның пайда болуы мен дамуы, оның алғышарттары, ақпаратты жеткізудегі әдістері мен тәсілдері нақты қазақстандық массмедиа мысалында сараланады. Гонзо стиліндегі журналистикада автордың өзіндік тіл мен стиль ерекшеліктерін сақтауға мүмкіндік барын нақты мысалдармен талдап, одан теориялық тұжырымдар шығарылып тиянақталады. Ғылыми мақала журналистикатану саласындағы өзекті тақырып. Бұл осыған дейін қазақ журналистикасын зерттеген еңбектерде қарастырылмаған және оның өзектілігі туралы тыңғылықты пікір айтылмаған. Аталған зерттеу мақала журналистиканың жаңа бағыттарын зерттеушілердің ғылыми ізденісіне жол сілтейді.
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2024-12-26 (2)
- 2024-09-30 (1)