Кәсіпкерлік журналистика журналистік білім берудің саласы ретінде
Қаралымдар: 31 / PDF жүктеулері: 23
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-122-1-42-48Кілт сөздер:
Интернет БАҚ, медиабизнес, медиаөндіріс, журналистика, сандық БАҚ, медианың жаңа моделіАңдатпа
Ресми емес деректерге сүйенсек, Костанай облысында 300 тарта журналистер
қызмет етеді екен. Жұмыс берушіледің айтуынша журналист кадрларының қысқаруы байқалмайды. Керісінше, кәсіби журналистерге деген сұраныс артып отыр, әсіресе қалалық және аудандық
БАҚ аса зәрулік танытуда. Бұған аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті мен
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика және комуникациялық менеджмент кафедрасының
біріге жүргізген экспресс зерттеуінің нәтижесі де дәлел бола алады. Сонымен қатар, электронды
БАҚ-ты атап айтар болсақ, Интернет ресурстарда жұмыс жасайтын журналистердің саны артып
отыр. Осыған байланысты әлеуметтік желілер жаңа медианың пайда болуына әсері мол платформаға айналуда. Мақалада экспресс сауалнаманың аймақтағы нәтижесі сарапталып, журналистерге
білім беру бағдарламасын жетілдіру және оның терең зерттеуді қажет ететіндігі жайлы айтылған