Ақселеу Сейдімбек көсемсөзіндегі ұлттық идея
Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 233
Кілт сөздер:
ұлттық идея, публицистика, жанр, салт-дәстүр, ақпарат, сана, идеология, мазмұнАңдатпа
Мақалада А.Сейдімбек публицистикасындағы ұлттық идея тақырыбының жазылу ерекшелігі талданады. Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдары, жеке публицистер қоғамдық пікір қалыптастырудағы еңбегі мол. Публицистер БАҚ арқылы халық мүддесін қорғау, әлемдік саяси аренада ақпараттық кеңістік құруға өз үлестерін қосуда.
Ұлттық идея тақырыбын өзінің публицистикасына арқау еткен, осы тақырыпты оқырман назарына ұсыну жағынан алда тұрған бірегей тұлға Ақселеу Сейдімбек. А.Сланұлы публицистикасындағы ұлттық идея тақырыбын жазу себебіміз, автор ұлттық идеяны қалыптастыру барысында идеологиялық, саяси сауаттылық мәселелерін кеңінен тарқатып жазуымен ерекшеленеді. Қоғамда жүріп жатқан әртүрлі реформалар кезеңінде, жаһандану дәуірінің әсері мол дәуірде БАҚ арқылы өзінің озық ойлары мен тұжырымдарын барынша ұлттық идея тақырыбын бұқараның санасына молынан сіңіруге күш салғаны автордың публицистикалық шығармашылығынан анық көрінеді. Ақселеу Сейдімбек қазіргі қоғамдағы еуроцентризм, шығысцентризмі, космополитизм, нәсілшілдік, ұлтшылдық, трайбализм теорияларына қарсы идеялық күрес қызметін жандандыру қажеттігін жіті түсінген тұлға.
Бұл мақалада А.Сейдімбектің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ұлттық идеяға қатысты мақалаларын талдау арқылы ұлттық идеяның тарихы мен мәнін ашуға, бұл тұрғыдағы БАҚ-тың атқарып отырған қызметін таразылай отырып, автордың қазақ халқының ұлттық сана-сезімі, тұрмыс-тіршілігі, діні, ділі, тілі мен мәдениетіне қатысты айтқан озық ойларының мән-мағынасына талдау жасап, осы материалдардың оқырман санасына қалай әсер еткенін зерделейміз.