Сандық журналистиканың қалыптасуы және өзгермелі көкжиектері
Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 38
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2019-128-3-45-52Кілт сөздер:
сандық журналистика, жаңамедиа, гиперлокальды журналистика, код, веб-сервис, newsmedia, hashtagifyАңдатпа
Авторлар мақалада сандық журналистиканың қалыптасу жолын қарастырған.
Ғылыми еңбекте алғашқы сандық форматтағы материалдың пайда болу кезеңінде күтілген жетістіктер мен қол жеткізген нәтижелер негізге алынған. Интернет журналистикаға, соның ішінде жаңалықтарға қолжеткізу бойынша сараптама жасалды. Шетелдік ғылыми еңбектер негізінде интернет
басылымдарға сараптама жүргізу арқылы журналистика саласындағы мамандардың пікірін келтіреді. Ғылыми тұжырымдамаларға сүйеніп, сандық журналистикаға өту жолында қажетті парадигмаларды көрсетеді.
Авторлар мақала жазу барысында гиперлокальды журналистика ұғымына түсінік берген.
Жаңа медиа толқынында Hashtagify, HTML немесе CSS сияқты кодты білудің маңыздылығын айқын көрсеткен. Солардың негізінде дижитализацияның құралдарымен жұмыс істеуді бастап, журналистерге қолайлы қосымшаларды пайдалануды ұсынады