Ғылыми-танымдық журналистика: Евней Бөкетовтің публицистік мұрасы


Қаралымдар: 161 / PDF жүктеулері: 142

Авторлар

Кілт сөздер:

ғылыми-танымдық журналистика, ғылыми болжам, фактчекинг, ұлттық публицистика, публицист мұрасы

Аңдатпа

Ғылыми зерттеу жұмысы еліміздегі ғылыми-танымдық журналистиканың қалыптасуы мен дамуына әсер еткен публицист-ғалымдардың еңбектері мен олардың ғылыми публицистиканы қалыптастырудағы рөлі мен стильдік ерекшеліктерін зерттейді. Ғылыми тақырыпты зерттеу барысында қазіргі заманғы экологиялық журналистика, фактчекинг элементтері де қарастырылды. Ғалым, академик Евней Арыстанұлы Бөкетовтің ғылыми-танымдық журналистикаға қосқан үлесі, шығармашылығындағы тақырыптық ерекшеліктері мен негізгі идеялары назар алынған. Сонымен қатар, ғылыми-танымдық журналистикадағы жаңашылдықтар мен дәстүрлер, қазіргі кезеңдегі ақпараттық құралдар мен олардың қоғамдағы рөлі талданған. Зерттеу жұмысының негізгі міндеті - Е.А.Бөкетовтің публицистикалық мұрасын зерделей отырып, оның ғылыми журналистикаға қосқан үлесін талдау және осы бағытта жаңа иедялар мен бағыттарды ұсыну. Зерттеу жұмысында ғылыми-тарихи объективтілік сақтала отырып, оның шығармашылығын түрлі ғылыми әдістермен зерттеу тәсілдері қарастырылған. Зерттеу ғылыми-танымдық журналистикамен қатар қаламгер этикасын Евней Арыстанұлы Бөкетов мысалында қарастырады. Ғылыми журналистиканың негізгі қағидаттары – нақтылық, дәйектілік және болашаққа болжам жасаудың маңыздылығына тоқталып, Евней Бөкетовтің қаламгерлік қарымы мен публицистік мұрасы зерттелген. Жұмыстың негізгі нәтижелерінің бірі ғалымның 1950-1985 жылдар аралығында жарияланған мақалалары мен басқа да ғылыми жұмыстарының тарихи мазмұны мен маңызы сараланып, ғылыми-танымдық журналистиканың өзекті мәселелері мен оның ұлттық публицистикамен сабақтастығы зерттелген.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асанов, Қ., Амангелдиева, Г., & Әбікеева, Н. (2025). Ғылыми-танымдық журналистика: Евней Бөкетовтің публицистік мұрасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 151(2), 7–22. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/725

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)