Қазақ тілді медиамәтіндегі англицизмдердің прагматикалық-функционалдық ерекшеліктері (БАҚ материалдары негізінде)


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

англицизм, медиамәтін, прагматика, семантика, нормативтік бейімделу, баспа БАҚ, цифрлық БАҚ

Аңдатпа

Мақалада қазақ тілді БАҚ мәтіндеріндегі англицизмдердің қолда-нысы қарастырылып, прагматикалық және қолданыстық ерекшеліктері тал-данып, таразыланды. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілді медиадискурста қолда-нылатын англицизмдердің семантикалық, прагматикалық және нормативтік сипаттарын айқындау, баспа және онлайн медиа кеңістігіндегі функционалдық қызметін, белсенділігін салыстырмалы тұрғыдан анықтау. Жұмыстың негізгі кезеңдері БАҚ (баспа және цифрлық басылымдар) материалдарын іріктеп, ан-глицизмдердің қолданыс жиілігін анықтауды, тақырыптық таралуын саралауды және мәтін ішіндегі функционалдық рөлін талдауды қамтыды. Зерттеу барысын-да англицизмдердің графикалық берілу формалары, морфологиялық бейімделуі және қазақ тіліндегі баламаларымен арақатынасы жүйеленді. Англицизмдердің медиадискурстағы ықпал ету әлеуетін айқындауға, экспрессивтік мағына үстеу қызметіне назар аударылды. Міндеттер контент талдау, семантикалық талдау, прагматикалық талдау және нормативтік талдау әдістері арқылы жүзеге асы-рылды. Салыстырмалы талдау нәтижесінде баспа БАҚ пен цифрлық медиада англицизмдерді қолдану қарқындылығы мен қызметтік жүктемесінде айыр-машылық бар екені анықталды. Авторлар цифрлық медиада англицизмдердің экспрессивтік, имидждік және заманауилық реңк қалыптастыру функциясы басым екенін дәлелдеді. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы қазақ тілді меди-амәтіндердегі англицизмдердің прагматикалық-функционалдық табиғатын ке-шенді түрде сипаттауда және тілдік жүйедегі орны мен нормативтік мәртебесін айқындауда, медиатипке байланысты қолданыс ерекшелігін анықтауда көрінеді. Практикалық маңыздылығы – алынған нәтижелерді журналистік мәтіндерді редакциялау, тіл саясатын жетілдіру және контент сапасын арттыру үдерісінде, медиалингвистика саласында қолдануында. Мақалада англицизмдердің терми-нологиялық мәртебесі, тілдік бейімделу деңгейі және дискурстық қызметі жүй-еленіп, қазақ тілді ақпарат кеңістігіндегі (баспа және цифрлық БАҚ) даму үдері-стеріне ықпалы жөнінде қорытындылар жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мұханбетжанова, А. ., Тапанова, С. ., & Маркабаева, Г. . (2026). Қазақ тілді медиамәтіндегі англицизмдердің прагматикалық-функционалдық ерекшеліктері (БАҚ материалдары негізінде). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 155(2), 111–130. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/998

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)