Цифрлық медиадағы құқықтық реттеу және этикалық жауапкершілік


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-23-35

Кілт сөздер:

цифрлық журналистика, медиаэтика, құқықтық жауапкершілік, жалған ақпарат, авторлық құқық

Аңдатпа

Мақалада цифрлық медиадағы журналистің кәсіби этикасы, құқықтық жауапкершілік мәселелері, ақпараттық кеңістіктің трансфор-мациясы мен жаңа технологиялардың журналистік қызметке ықпалы қарастырылады. Автор цифрлық журналистикадағы этикалық норма-лар мен құқықтық реттеудің байланысы және жалған ақпарат, авторлық құқық, жеке өмірді қорғау сынды өзекті мәселелерді талдап, таразылай-ды. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы, медиакеңістіктің цифрлануы жағдайында журналистік қызметтің мазмұны, жұмыс әдістері және жауапкершілік өлшемдері түбегейлі өзгеріске ұшырады. Зерттеу жұ-мысының мақсаты – цифрлық медиадағы құқықтық нормалар, этикалық қағидалардың тиімділігін бағалау және үйлесімді қолданылу аясын тал-дау. Талқылау бөлімінде журналистік этиканың іргелі қағидаттарын циф-рлық коммуникациялық орта талаптарына бейімдеу тетіктері, жалған ақпараттың (дезинформация) алдын алу және жеке деректерді қорғау мәселелері халықаралық және қазақстандық тәжірибелер негізінде салы-стырмалы-талдамалық әдіс арқылы зерделенеді, тиімділігі сараланады. Нәтижелер цифрлық журналистика жағдайында кәсіби жауапкершілік пен институционалдық этикалық реттеуді күшейтуге бағытталған ғылы-ми-негізделген ұсынымдарды жүйелеуге септігін тигізеді. Құқықтық нор-маларды жетілдірумен қатар, кәсіби этикалық стандарттарды күшейту қажеттілігі негізделді. Зерттеу медиа құқық пен коммуникация саласы-ның дамуына үлес қосады және жауапты цифрлық орта қалыптастыруға бағытталған

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Култаева, Ф. ., Шурентаев, А. ., & Амангелдиева, Г. (2026). Цифрлық медиадағы құқықтық реттеу және этикалық жауапкершілік. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 155(2), 23–35. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-23-35

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)

1 2 > >>