Қазақстандағы іскерлік журналистиканың қалыптасу тарихы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • К. Рахмет Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Қ.Ө. Сақ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.А. Шакуова Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

іскерлік, биржа, экономика, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, журналистика, газет-журнал, электронды медиа

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы іскерлік журналистиканың қалыптасу тарихы, іскерлік тақырыпқа арналған мақалалардың алғашқы қазақ басылымдарында жариялана бастауы, сол кездегі сауда-саттық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының дамуына байланысты жазылған материалдарға жан-жақты талдау жасалады. «Дала уалаятының газеті», «Қазақ», «Ақжол» газеті мен «Шолпан» журналында жарық көрген мақалалар зерделеген. ХІХ-ХХ ғасыр басында көрші Ресей елінде іскерлік баспасөз ілгерілеп, сол кездің өзінде «Финансовый обзор», «Жизнь и экономика», «Экономический журнал», «Биржевая газета», «Российский экономический обзор»басылымдары үзбей шығып тұрған. Қазақ жерінде мұндай салалық басылымдар болған жоқ. Бірақ сол кезде шыққан газет-журналдарда экономика, қаржылық, іскерлік, сауда-саттық тақырыптарына арналған материалдар көптеп жарияланып отырғаны туралы ғылыми мақалада мол ақпарат беріледі.  Зерттеу барысында арнайы экономикалық, іскерлік басылымдар пайда болғанға дейін экономикалық, іскерлік мазмұндағы қоғамдық, саяси, әлеуметтік жағдай туралы газет-журналдарда көптеген ақпараттарды жарияланып отырғаны нақты мысалдар негізінде дәлелденеді. Өткен ғасырда Ресей империясы біздің қазақ жеріне жаңа саяси, экономикалық және мәдени тенденциялар әкелді, бұл өз кезегінде журналистиканың дамуына әсер етті.Газет-журналдар Қазақстандағы экономикалық, саяси оқиғаларды, өнеркәсіп пен сауданы дамыту мәселелерін қамтып қана қоймай бұқараның қаржылық сауатын ашуға ықпал еткені, Қазақстанда іскерлік журналистиканың дамуы XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында басталғаны мәтіндік материалдар негізінде дәлелденеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рахмет, К., Сақ, Қ., & Шакуова, Р. (2024). Қазақстандағы іскерлік журналистиканың қалыптасу тарихы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 4(149), 79–95. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/602

Most read articles by the same author(s)