Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

Копирайтинг негіздері: шығу тарихы және түрлері


Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

Кілт сөздер:

копирайтинг, SЕО копирайтинг, SMM копирайтинг, нейрокопирайтинг, LSI-копирайтинг, медиа, журналистика

Аңдатпа

Мақалада копирайтинг қызметі, эволюциясы, түрлері зерттелген. Зерттеудің мақсаты тарихи деректерге негізделіп, копирайтинг анықтамасына теориялық тұжырымдар жасау, қолдану аясын зерттеу. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы қолданысқа енген жаңа терминдер мен анықтамаларды тиімді игерудің әдістері қарастырылған. Авторлар тақырыптың практикалық қолданыстағы көрінісін ашып көрсету арқылы копирайтинг туралы кеңірек түсінік беруге тырысқан. Саясаткер, спикер немесе беделді қызметкерлердің көпшілік алдында сөйлеуі үшін алдын ала мәтін жазумен айналысатын копирайтинг саласына тоқталады. Копирайтер қызметін ашып көрсету үшін ХІХ ғасырда танымал болған копирайтерлер туралы деректер қамтылған. Зерттеуде сатылымдық мәтін жазудың үлгілері мен әртүрлі мысалдар келтірілген. SЕО копирайтинг, SMM копирайтинг, нейрокопирайтинг және LSI-копирайтинг ұқсастығы мен айырмашылығы зерттеліп, қолдану аясы келтірілген. Копирайтинг туралы журналистік зерттеулер мен ғылыми тұжырымдарды зерделеу арқылы авторлар бұл саланың бұрыннан қолданыста бар екенін ғылыми деректер арқылы дәлелдей түскен.Сандық технологиялардың қарыштауымен копирайтинг қызметіне деген сұраныс артатындығын мақаладағы зерттеулер арқылы білуге болады. Зерттеу нәтижелері оқыту процесінде қолданысқа енген. Авторлар Google, Yandex, Rambler, Bing және Yahoo секілді іздеу жүйелерінде SЕО копирайтингтіңүлесін көрсетеді.Іздеу жүйелерінде тұтынушыға керек деректерді жеткізу арқылы бизнес саласының дамып жатқандығына SЕО копирайтинг пен SMM копирайтинг тікелей әсер етеді. Зерттеуде осы анықтамалар мен копирайтинг түрлерін қолдану мысалдары қамтылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Амангелдиева, Г., Григоркевич, В. ., & Жұматаева, М. (2024). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: Копирайтинг негіздері: шығу тарихы және түрлері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 3(148), 20–34. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/563

Most read articles by the same author(s)