Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы

Журналистикадағы жасанды интеллект: шетел тәжірибесі


Қаралымдар: 3 / PDF жүктеулері: 11

Авторлар

Кілт сөздер:

жасанды интеллект, журналистика, медиа, алгоритм, ақпаратты өндеу, автоматтандыру

Аңдатпа

Соңғы жылдары көптеген салада жаңа технологиялардың дамуы байқалды. Солардың арасында жасанды интеллект (ЖИ) жетекші орынға ие болды. Атап көрсетерлігі, журналистика саласында да жасанды интеллект кеңінен қолданыла бастады. Бұл мақаланың мақсаты – ЖИ журналистика саласына  енгізілгеннен кейін болған өзгерістерді зерттеу, оның ықпалы мен әсерін бағалау. Зерттеу аясында АҚШ-тағы The New York Times, Ұлыбританиядағы British Broadcasting Corporation (BBC) және Reuters агенттігі сияқты бірнеше ірі медиа компаниялар қамтылды. Аты аталған компаниялардың жаңалық әзірлеу және аудиториямен жұмыс істеу барысында ЖИ мүмкіндігін қалай қолданатыны қарастырылды. Сонымен қатар оқырмандар арасында сауалнама жүргізіліп, журналист пен ЖИ жазған мәтінсалыстырылды. Нәтижесінде адамдардың ЖИ емес, журналист жазған мақаланы таңдайтыны анықталды. Талдау, түсіндіру және сараптау тұрғысынан алғанда журналист жазған мәтін ЖИ жазған мәтінге қарағанда сапалы әрі салмақты шығатыны дәлелденді. Бұған қоса журналистика саласында ЖИ белсенді қолданылып жатқанына қарамастан, жаңалық әзірлеу мен таратуда журналистің рөлі мен маңызы зор деген байлам жасалды. Сондай-ақ аудиторияның сенімін сақтау үшін журналистикаға жасанды интеллектті қауіпсіз әрі тиімді енгізу мақсатында нақты стандарттар мен нормаларды әзірлеу қажет екені атап өтілді. Зерттеудің практикалық құндылығы журналистикада ЖИ  пайдалануды оңтайландыру бойынша нақты ұсыныс жасауда болды.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қанашева , Ш., Дүйсенғазы, С., & Сейтжанова, Ж. . (2024). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы: Журналистикадағы жасанды интеллект: шетел тәжірибесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 3(148), 7–19. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/562