Телевизия продюсерлігі Қазақстанның визуалды медиасферасын белсендіру ресурсы ретінде
Қаралымдар: 33 / PDF жүктеулері: 23
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-123-2-60-65Кілт сөздер:
продюсерлеу, продюсер, медиаөнім, қазақстандық телеарнаАңдатпа
Мақала заманауи медиаөнімді продюсерлеу процесінің аспектілерін зерттеуге
бағытталады. Медиа ақпарат пен продюсерліктің арасындағы байланысты ынталандырады, осы
және өзге де медиаөнім аудиториясының сипаты мен көлемі сол аудиторияға қаншалықты құнды
және сапалы саналатындығына байланысты тура пропорционалды болатындығы қарастырылады.
«Құндылық тізбегі» түсінігінің медиа саласына қатыстылығы бойынша негізделеді. Қазақстандық
телеарна медиа саласына жолдау негізінде яғни телеарна бағдарламаларын көру және продюсерлеу
үрдісінің нәтижелілігіне әсер ететін құндылық және сапа ең басты факторлардың бірі саналады.
Заманауи қазақстандық телеарндағы жағдайларға шағымдана отырып, аймақтардағы (Қостанай облысы) телевизиялық медиасаласының жағдайын сипаттай отырып, мақала авторлары Қазақстанда продюсерлеу институттарын құруу қажеттілігі маңызды мәселелердің бірі ретінде қалыптастыру керектігі жөнінде бір шешімге келеді. Себебі телеарнада продюсер ақпаратты өндіру
үрдісі мен потенциалды тұтынушылар – көрермендер және жарнама берушілер арасындағы байланыс жасаушы көпір саналады: ол аудивизуалды өнім жасаудағы шығармашылық үрдісті қалып- тастырады және бастамашы болады, болашағы зор идея-жобаларды басынан бастап жүзеге асырады.
Продюсерлеу процесінің болмауы заманауи медиа саласының дамуына кедергі келтіреді.