Әлеуметтік желінің ЖОО беделін қалыптастырудағы рөлі
Қаралымдар: 122 / PDF жүктеулері: 105
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-145-4-41-53Кілт сөздер:
мобильді блог, журналистика, коммуникация, әлеуметтік желі, мобильді журналистикаАңдатпа
Мақалада авторлар әлеуметтік желінің имидж қалыптастырудағы рөлін жоғары оқу орны мысалында ашып көрсетуге тырысқан. Қазіргі қоғамда коммуникативті құралдармен қамтамасыз етілген ортаның мүлдем жаңа түрі қалыптасқанын нақты мысалдармен ашып береді. Авторлар интернетте ақпарат алаңын, коммуникативті ортаны құру жарнамалық құралдармен де жүзеге асыруға болатынына ой тастайды. Замануи техникалық мүмкіндіктер Қазақстанда тек кәсіп саласын ғана емес жоғары оқу орындарына да имидж қалыптастыруда үлкен пайдасын тигізіп отырғандығын дәлелдейді. Веб-сайттар өз кезегінде баспа жарнамалары мен каталогтардың көшірмелері болса, бүгінде имидж қалыптастыратын коммуникация құралы болды. Дегенмен, интернет мүлдем басқа коммуникативті орта екенін түсіну керек. Қолданыс аясын кеңейткен желілік журналистиканың бір саласы мобильді блоггинг сұранысқа ие. Мақалада мобильді журналистиканың мүмкіндіктеріне қол жеткізе бастаған Қазақстандық жоғары оқу орындарына зерттеу жасалған. Авторлар жоғары оқу орындарының әлеуметтік желідегі парақшаларына салыстырмалы зерттеу жүргізіп, әлеуметтік сауалнама нәтижесінде желіні жүргізуші мамандарға қажетті техникалық құралдарды ұсыныған.
Авторлар Қазақстандық жоғары оқу орындарының нақты журналистика саласындағы әлеуметтік желінің имидж қалыптастыру үшін атқарылып жатқан амалдарын зерделеп, салыстыра саралап, талдау жасаған.