Журналистің кәсіби этикасы және ұлттық менталитет
Қаралымдар: 179 / PDF жүктеулері: 353
Кілт сөздер:
Этика, мәдениеттану, фольклор, философия, синкретизм, моральАңдатпа
Қазіргі таңдағы өзекті, қоғамдық пікір алаңында жиі сөз болып жүрген мәселенің бірі – журналистің кәсіби этикасы. Мақалада әлемдік журналистика қауымдастықтары мақұлдаған жалпы журналистерге ортақ этикалық нормалар мен ұстанымдарға ұлттық менталиттетің әсер-ықпалы талданып, сараланады. Осы тақырыпты зерттеушілеріміздің «Журналистік әдеп журналист қызметінің ең басты шарттарының бірі. Оны терең оқып, жан-жақты түсіну, зерттеу – қазақ журналистикасы үшін маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, бұл – енді ғана назар аударыла бастағаны болмаса, әлі ғылыми тұрғыдан да, кәсіптік шеберлікке қатысты да байыптап үлгермеген тың да күрделі түйіткіл»,- деген пікірлері осы зерттеуде ұлттық менталитет тұрғысында кеңейтіліп қарастырылады. Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрпы, өмірлік ұстанымдары мен көзқарастарының бүгінгі ұлттық журналистикадағы сабақтастығына ғылыми пайымдау жасалады.
Зерттеу барысында ұлттық әдептің журналист этикасына қаншалықты ықпал ететіні сарапталды. Ақпарат құралдарының көбі қаралым не оқырман санын көбейту үшін, жоғары рейтинг үшін шектен шығып, ардан аттап, тіпті жалған ақпарат таратуға дейін барады. Осылайша, журналист мәдениетінің заманауи үлгісі қалыптасады. Авторлар осындай факторлардың ықпалымен ақпарат таратудағы өрескел жағдайларды көрсетеді.
Жұмыстың қорытынды тұжырымында бұқаралық ақпарат құралдарындағы этика заңдылықтарын зерттеу – мемлекет пен қоғамның дамуындағы процестерді болжауға, әлеуметтік коммуникация мен медиа мәдениетті қоғамға пайдалы арнаға бұруға арналған стратегияларды әзірлеуге көмектесетіні анықталды.