БАҚ-тың мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесу формалары мен әдістері


Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 258

Авторлар

  • Г.Т. Маркабаева А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қостанай, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-71-78

Кілт сөздер:

қоғам, адам, ғаламтор, бұқаралық ақпарат құралдары, коммуникациялық технологиялар

Аңдатпа

Күн сайын жіберілетін триллиондаған хабарламалар адамдардың бір-бірімен тез, әрі үйден шықпай-ақ қарым-қатынас жасауына үлкен мүмкіндік берді. Коммуникацияның осындай тиімді әдісі бар кезде ақпаратты жасырып қалу, халыққа көрсетпеу мүмкін емес. Интернет енді ғана дами бастаған кезде отандық бұқаралық ақпарат құралдары біршама өзгерістерге тап болды. Ғаламтор қоғамға бұрын соңды болмаған коммуникация әдістері мен технологияларын көрсетті. Ол жаңа табыс орнына айналды. Жаңа байланыс арналарының пайда болуымен ақпарат көздерінің саны да күрт өсті. Ғаламтор пайда болып, күн сайын дамығаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары
ақпаратқа деген монополиясын жоғалтып алды деп те айта аламыз. Өйткені, қазіргі заманғы заманауи адамға қол жетімді ақпараттың үлкен жиынтығы жаңа нарықтардың
тез әрі тиімді дамуымен бірге маркетинг пен оны жылжыту тәсілдері туралы көбірек ойлануға мәжбүр етеді. Ғаламтор тек қана медиа тұтынуды өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ бәсекелестікті де арттырды. Халықтың көңілін өзіне аударып, пайдаланушылардың назарына ілігу ақпарат құралдарының басты міндетіне айналды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30 - 2023-02-03 жаңартылды

Нұсқалар

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маркабаева, Г. (2023). БАҚ-тың мақсатты аудиториямен өзара әрекеттесу формалары мен әдістері. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 140(3), 71–78. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-140-3-71-78 (Original work published September 30, 2022)

Журналдың саны

Бөлім

Статьи