«Ақ жол» газетінің саяси-идеялық ұстанымы
Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 139
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-133-4-8-14Кілт сөздер:
Алаш, ұлттық публицистика, журналистика, қоғам, ақпарат, мүдде, саясат, ағартушылық, білімАңдатпа
Халық тағдыры қыл үстінде тұрған шешуші сәттерде баспасөздің маңызы
артып, көсемсөзі өткірлене түсетіні дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Мақала ХХ
ғасыр басында дүниеге келген, ұлттық публицистикаға өзіндік қолтаңбасын жасаған
«Ақ жол» газетінің саяси-идеялық ұстанымы туралы жазылған. Зерттеуде «Ақ жол»
газетінің аталу себебіне талдау жасалынған. Сол кезеңдегі қоғамда қазақы рухты бойына
сіңіріп, таптық қоғамнан ұлттық құндылықты жоғары қойған мерзімді басылымның
маңызына зерттеу барысында аса мән берілген. Газеттегі жарияланған мақалаға байланысты, жанрға талданды. Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-ағартушылық бағытына,
құнды мақалаларына жан-жақты зерттеу жасалынған.
Тұтас Түркі жұртының болашағына үлесін қосқан «Ақ жол» газетіндегі жарияланған
Алаш көсемдерінің отарлық езгіден шығу жолы зерттеу мақаланың басты өзегі болған.
Мақалада «Ақ жол» газетінің сол қиын кезеңдегі қазақ қоғамының ащы шындығын,
төніп келе жатқан қауіпті жеткізе білген басылым екендігіне талдау жасалынған.