Қазақстандық телеарналар қызметінің YouTube платформасындағы жаңа мүмкіндіктері


Қаралымдар: 39 / PDF жүктеулері: 43

Авторлар

  • Ш.Ы. Қалиаждарова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
  • А.А. Ниязгулова Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-134-1-59-64

Кілт сөздер:

YouTube, бейнехостинг, платформа, телебренд, телеформат, лайфхак, контент

Аңдатпа

Қазір Қазақстандық телеарналар цифрлық ортаға бейімделе бастады. Алайда олар жаңа ортаның ерекшеліктері мен талаптарын әлі толық меңгере қойған жоқ.
Сол себепті түрлі мәселелер де туындап жатқаны сөзсіз. Телемамандардың айтуынша,
дәстүрлі арналардың көрермендері жыл сайын азайып барады. Жастар аудиториясы теледидардан мүлде алшақтап кеткен. Бұған басты себеп – YouTube арналарының көбеюі. Бұл платформада электрондық ақпарат құралдарының басым бөлігі өз арналарын
ашқан. Бірақ телеарналар эфирден өткен хабарларын желіге салуымен шектеліп келеді.
Алайда YouTube хостингінің бейнеконтенке қоятын талаптар өзгеше. Осы тұрғыдан
келгенде отандық арналардың желідегі қызметін жетілдіруге не кедергі келтіріп тұр,
продакш студиялар неге ютубқа ауыса алмай жүр деген сауалдарға ғылыми тұрғыда жауап қарастырылады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, отандық телеарналар аталған желіде біршама
жұмыстар атқарған. Телеарналар YouTube-та негізінен ақпараттық өнімге мән беріп
отыр. Ал желі аудиториясын ойын-сауықтық контент қызықтырып отырғанын ескерсек, арналарға бұл бағытта біраз ізденулеріне тура келеді. Мақалада бұл мәселеге де ғылыми тұжырым жасалған

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қалиаждарова, Ш., & Ниязгулова, А. (2021). Қазақстандық телеарналар қызметінің YouTube платформасындағы жаңа мүмкіндіктері. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 134(1), 59–64. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-134-1-59-64

Журналдың саны

Бөлім

Статьи