Елдің имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік ақпараттың рөлі: салыстырмалы талдау (Қазақстан, Ресей және Жапония елдері мысалында)


Қаралымдар: 73 / PDF жүктеулері: 168

Авторлар

  • Г.Т. Маркабаева А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • А.М. Жусупова А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Г.С. Сұлтанбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-20-26

Кілт сөздер:

имидж, статистикалық талдау әдісі, елдердің имидж-рейтингісі, өмір деңгейі, коммуникация, ақпараттық қорлар, ақпараттық пандемия, әлеуметтік білім, мемлекеттік брендинг

Аңдатпа

Мақалада жаңа коммуникациялық ортада мемлекет, аймақ имиджін
құру мәселесі қарастырылады. Аймақтық имиджмейкинг құралы мен технологиялары, мемлекет имиджін қалыптастырудың негізгі компоненттері көрсетілген. Мемлекет имиджінің құрылымдық модельдері, территориялық имиджмейкингтің түсінігі
талданған. Жаһандық пандемия жағдайында турист, инвестор секілді қоғамның ішкі
топтарына имидж әсерінің қаншалықты зор екені айтылады. Мемлекеттің имиджі-оның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының маңызды ресурстарының
бірі. Мемлекеттің оң имиджі-табысты сыртқы саяси қызмет, әлемдік саясаттағы
мемлекеттің мәртебесі, шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндігімен, сондай-ақ
қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты.
Мақалада Қазақстан, Ресей және Жапония елдерінің мысалында ел имиджін қалыптастырудағы социологиялық тәсілдің маңыздылығы қарастырылған. Зерттеу барысында жоғарыда аталған мемлекеттердің физика, химия, физиология, медицина, әдебиет,
кино өнері, музыка, математика, биология, ауыл шаруашылық және сәулет саласындағы
28 жылдық еңбектерінің нәтижесі болып табылатын деректерді талдау әдістері пайдаланылды. Сонымен қатар алынған деректерді мемлекеттердің имидж-индекстерінің
халықаралық рейтингтерімен салыстыру жұмысы жүргізіліп, әлеуметтік белсенділік
және ел имиджі арасындағы тікелей тәуелділігі жан-жақты қарастырылды. Бұл зерттеу
нәтижелері елдің сыртқы имиджін қалыптастыруда өте маңызды. Атап айтар болсақ,
зерттеу нәтижелері ел имиджін қалыптастыру кезінде сыртқы және ішкі саясатқа,
экономикалық аспектілер мен медиа индустрия әсерінің егжей-тегжейліктеріне ғана
емес, сол сияқты әлеуметтік құрамдаушыларға: халықтың күнкөріс деңгейіне, ғылым,
мәдениет, спорт және басқа да салалардағы халықаралық деңгейдегі жетістіктерге де
назар аудару маңыздылығын дәлелдейді. Елге туристер мен инвесторларды тартып, сатып алушыларды осы елдің тауарларын сатып алуға көндіруге, экспорт, кірістер мен
өмір деңгейін жоғарылатуға елдің оң имиджінің маңызы зор

Жүктеулер

Жарияланды

2021-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маркабаева, Г. ., Жусупова, А., & Сұлтанбаева, Г. . (2021). Елдің имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік ақпараттың рөлі: салыстырмалы талдау (Қазақстан, Ресей және Жапония елдері мысалында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 135(2), 20–26. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-135-2-20-26

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)