Бұқаралық коммуникация құралдары тілінің өзгеріске түсу факторлары мен қазіргі даму үрдісі
Қаралымдар: 159 / PDF жүктеулері: 129
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-77-85Кілт сөздер:
бұқаралық коммуникация құралдары (БКҚ), бұқаралық коммуникациялар, ақпараттық кеңістік, интернет, әлеуметтік медиаАңдатпа
Бұл мақалада бұқаралық коммуникация құралдары (әрі қарай БКҚ) тілінің мәртебесі мен тұтастығын анықтауға байланысты мәселелер жиынтығы қарастырылады. Қазіргі лингвистикада осы мәселеге қатысты қолданыстағы тәсілдері сипатталады және тұжырымдалады. Бүгінгі таңдағы әлемдегі коммуникацияның негізгі үрдістері Интернетті пайдаланушылардың сөйлеуінде деген қорытынды жасадық. Жанрлар мен стильдердің шекарасын бұлдырату, бейресмиділік пен қарым-қатынастың жеңілдігін талап ету тілдің кейбір ерекшеліктерін жоғалтуға ғана емес, сонымен қатар жаңаларының пайда болуына әкеледі. Сондықтан БКҚ тіліндегі өзгеру үрдісі және өзгерістерге жауап беретін әртүрлі факторларға баса назар аударылады.
Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының ерекшеліктері сарапталып, олардың функционалдық сипаттары қарастырылды. Дәстүрлі БКҚ-тың инновациялық сипаттамалары мен ақпараттық-компьютерлік технологиялардың дамуынан туындайтын жаңа арналар, бұқаралық саяси коммуникация тетіктері талданады.
Мақалада бұқаралық коммуникация құралдары тілінің өзгеріске түсу факторлары мен қазіргі жаңа үрдістері, ондағы мәтін лингвистикасының ролі, қоғамның әлеуметтік саралану проблемалары сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Тілдегі әлеуметтік және ішкі құрылымдық құбылыстардың өзара әрекеттесімі тіл туралы ғылымның маңызды бағыттары ретінде көрсетілген. Тілдің қазіргі өмірі қоғамның коммуникативті тіршілігін байқататын ғылыми-техникалық жаңалықтардың күрделенуіне байланысты күрделеніп және сараланып отыратыны сараланды. БКҚ тілінің негізгі сипаттамаларын анықтаудың функционалды-стилистикалық тәсілі осы сөйлеу саласының дәстүрлі функционалды стильдер жүйесіндегі орнын анықтауды көздейтіні сарапталды.
Мақалада осы мәселеге қатысты өзіндік ұсыныстар беріліп, теориялық тұжырымдар жасалды.