Қазақтілді медиаконтент ұлттық бірегейлікті нығайту факторы ретінде
Қаралымдар: 287 / PDF жүктеулері: 389
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-28-39Кілт сөздер:
медиаконтент, ұлттық бірегейлік, қазақ тілі, сауалнама, Қазақстан, этносаясатАңдатпа
Жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлік мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр, ал оны қалыптасудың маңызды факторы тілдік компонент болып табылады. Қазақстанда халық санының өсу көрсеткіштеріне және қазақ тілін меңгерген адамдар санына қарамастан, ақпараттық кеңістіктің өзекті мәселесі мемлекеттік тілдегі медиа контенттің жетіспеушілігі немесе сол контент сапасының төмендігі болып қала береді. Мақалада қазақ тіліндегі контентті тарату үшін табысты медиа-өнімдер жасауды көздейтін ҚР тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қазақ тіліндегі медиаконтенттің жай-күйі қарастырылады. Қойылған мақсатқа жету үшін қазақ тілін меңгерген 10 жастан 50 жасқа дейінгі тұрғындарға сауалнама жүргізілді. Респонденттерге қазақ тіліндегі контентті күнделікті пайдалану, олардың қазақ тіліндегі, оның ішінде интернеттегі медиа контенттің қолжетімділігін мен сапасын бағалау, сондай-ақ бұл олардың көзқарастарына қалай әсер ететіні туралы сұрақтар қойылды. Көпшілік күнделікті өмірде қазақ тілін қолданатын қалалар мен облыстардың тұрғындары интернеттегі контенттің қазақ тілінде қолжетімділік деңгейін негізінен орыс тілін қолданатын өңірлерге қарағанда төмен бағалайтыны өзара байланыс анықталды. Бұл цифрландыру жағдайында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту бойынша бағдарлама қалай орындалады деген сұраққа жауап. Осылайша, жүргізілген сауалнама нәтижелері қазақ тіліндегі медиа контенттің тапшылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, бұл қазақстандықтардың өзін-өзі сәйкестендіруіне және тұтастай алғанда қазақстандық ұлттық бірегейліктің қалыптасуына тікелей әсер етеді.