Ел имиджін қалыптастырудағы электронды БАҚ-тың рөлі
Қаралымдар: 100 / PDF жүктеулері: 496
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-138-1-19-26Кілт сөздер:
қоғам, имидж, PR-технологиялар, бұқаралық ақпарат былады құралдары,, бедел, коммуникациялық технологияла, елдің брендіАңдатпа
Бүгінгі таңда PR-технологияларды игеруде коммуникативті
стратегиялардың ролі артып келеді. Қазақстан Республикасының имиджін құруда
коммуникацияның нақ осы форматы белсенділік танытуда. PR-технологиялардың
мақсатты аудиториямен ұзақ әрі берік қарым-қатынас орнатуда бейімділігі жоғары.
Ол мақсатты аудиторияны анықтау, ішкі және сыртқы мемлекет имиджін
құрудағы дұрыс стратегияны таңдауға көмектеседі.
Соңғы жылдары жағымды имидж құру мәселесі жан-жақты талдануда.
Ғылыми конференциялар, пікірталастар, осы сұрақты әртүрлі жолдармен
өзектендіруге тырысып жатырған мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері осыған
мысал бола алады. Елдің жағымды имиджін құруда PR-компоненті маңызды, ол
мемлекеттің мәртебесі мен беделіне кері әсерін тигізетін факторлармен күресте аса
қажет. Қазіргі заманғы технологиялар ролін арттыру үшін имиджі құрудағы
міндеттерді шеше алатын бірыңғай мемлекеттік жүйе құруға болады. Алайда ол жанжақты талдауды талап етеді. Бұл ретте, өз ресурстарын белсенді пайдаланатын,
қоғамның түрлі салаларына қоғамдық пікірді арттыру үшін психологиялық және
саяси әсер ету технологиялары арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылайтын
ақпараттық компонент маңызды. Мақалада коммуникативтік стратегияларды
және Қазақстанның имиджін қалыптастыру процесінде PR-технологияларды қолдану
ерекшеліктері зерттеліп, сондай-ақ "Хабар" және "Қазақ ТВ" спутниктік
телеарналары мысалында елдің имиджін құрудың заманауи тәсілдері қарастырылған