Синтетикалық медиа форензикасының даму бағыттары (Қазақстан мысалында)
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-168-181Кілт сөздер:
синтетикалық медиа форензика, дипфейк, жасанды интеллект, ақпараттық қауіпсіздік, rPPG, CNN, ҚазақстанАңдатпа
Бұл мақалада генеративті жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының қарқынды дамуы салдарынан туындаған жаңа ақпараттық сын-қатерлер мен оларды анықтауға арналған заманауи форензикалық әдіс-тәсілдерге шолу жасалады. Қазіргі машиналық оқыту алгоритмдерінің эволюциясы шынайы контент пен жасанды медиа арасындағы айырмашылықты адам көзіне көрінбейтін деңгейге жеткізе бастады. Атап айтқанда, мақалада дипфейктер банктердің KYC (Know Your Customer – «клиентті тану») хаттамаларын бұзудағы қаржылық алаяқтық схемалары мен саяси манипуляцияларының зиянды әлеуеті талданады. Зерттеу жұмысында FaceForensics++ сияқты халықаралық бенчмарктерді қолдану тәжірибесі де сараланады, конволюциялық нейрондық желілерді (CNN) пайдаланған кеңістіктік талдаудан бастап дискретті косинустық түрлендіруге (DCT) негізделген жиілік аналитикасына, физиологиялық биометрия (rPPG) мен аудиовизуалды фонетикалық сәйкессіздікті бағалаудың инновациялық әдістеріне дейінгі озық тәсілдер де қарастырылады. Мақалада Қазақстан ақпараттық кеңістігіндегі синтетикалық медианың таралуы, қазақ-орыс екітілді ортада пайда болатын фонетикалық артефактілер мен «Жасанды интеллект туралы» жаңа заңдағы құқықтық мәселелер зерделенеді. Қорытындылай келе, шетелдік детекторларды пассивті импорттаудан бас тартып, локализацияланған ұлттық деректер жинақтарын құруға, тәуелсіз алгоритмдік медиа-аудит институтын қалыптастыруға және фактчекинг үдерісіне заманауи форензика құралдарын кіріктіруге стратегиялық көшудің қажеттілігі негізделеді.



