Қазақстандағы иммерсивті журналистиканың мүмкіндіктері мен даму болашағы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-156-3-156-167Кілт сөздер:
иммерсивті журналистика, медиа-инновация, цифрландыру процестері, технология, аудитория, мультимедия, подкастАңдатпа
Ақпараттық орта мен медиатехнологиялардың өзара байланысы бүгінгі журналистика ғылымының ең жедел дамып отырған салаларының бірін қалыптастырды. Соңғы он жылдың ішінде цифрлық инфрақұрылымның кеңеюі мен аудитория мінез-құлқының түбегейлі өзгеруі ақпарат беру тәсілдеріне тікелей ықпал етті: дәстүрлі мәтіндік немесе дыбыстық материал бірте-бірте орнын интерактивті, көпқабатты форматтарға берді. Осы бетбұрыстың өзегінде – иммерсивті журналистика да бар. Бұл бағыттың мәні оқырманды немесе көрерменді тек ақпарат алушы рөлінен шығарып, оны оқиғаның ішіне «орналастырудан» тұрады. Дыбыстық кеңістік, визуалды тереңдік пен интерактивті элементтер бір жүйеге біріктірілгенде аудитория оқиғаны жанама ретінде емес, шынайы тәжірибе ретінде қабылдайды. Зерттеушілер Нонни де ла Пенья мен Пит Уорд бұл құбылысты «нарративтік эмпатия технологиясы» деп анықтаған болатын: адам тек оқып немесе тыңдап қана қоймай, ол санасымен оқиға-ның ішінде болады. Дәл осы ерекшелік оны басқа медиа форматтарынан мүлде бөлек санатқа жатқызады. Қазақстандық медиа кеңістігінде де бұл бағытқа деген қызығушылық артып келеді. 2019–2024 жылдар аралығында отандық интернет-порталдар мен телеканалдардың мультимедиялық жобалар санының ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2024 жылғы мониторингі мен үш платформаның мұрағатындағы жарияланымдар санын салыстыру арқылы шамамен 40%-ға өскені бай-қалады (2019 жылы 5 данадан 2024 жылы 7-ге дейін өсу). Алайда иммерсивті форматты жүйелі түрде, арнайы редакциялық стратегия аясында пайдаланатын БАҚ саны әлі де шектеулі. Бұл ішінара технологиялық инфрақұрылымның дайын еместігімен, ішінара кадрлық мүмкіндіктердің тарлығымен байланысты – нарықтық шындық осыны анық көрсетеді. Иммерсивті журналистиканы зерттеудің маңыздылығы тек технологиялық мүмкіндіктерді бағалаумен шектелмейді. Ол, сонымен бірге, ақпа-раттық коммуникацияның жаңа этикалық және психологиялық өлшемдерін ашады. Дж. Дьюидің медиа мен демократиялық қоғам арасындағы тығыз байланыс туралы ойларынан бастап, У. Липпманның «псевдоорта» концепциясына дейін – журналистиканың аудиторияға ықпал ету меха-низмдері туралы тұжырымдар заман өткен сайын жаңа мағынаға ие болады. Иммерсивті формат сол ықпалды сапалы жаңа деңгейге шығарады. Осыған орай, зерттеу мақсаты ретінде иммерсивті журналистиканың теориялық негіздерін жүйелеу, оның отандық медиадағы таралу ерекшеліктерін нақты мысалдар арқылы талдау және даму тежеуіштері мен перспективаларын бағалау алынды. Жетекші ақпараттық ұйымдардың редакциялық тәжірибесіне жасалған салыстырмалы шолу осы мақсатқа жетудің негізгі жолы болды.



