Қазіргі журналистикадағы деректілік және интерактивтілік


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-101-110

Кілт сөздер:

дата-журналистика, датафикация, интерактивті деректер, цифрлық медиа, деректерді визуализациялау, медиа тұтыну, пайдаланушы тәжірибесі

Аңдатпа

Медиа ортаны жедел цифрландыру жағдайында журналистика мазмұн деңгейінде де, ақпарат беру форматы деңгейінде де өзгеріске тап болады. Осындай үрдістің негізгі бағыттарының бірі – датафикация. Қазіргі заманғы журналистика интерактивті форматтарды, визуалды ин-терфейстерді және алгоритмдік құралдарды оқырман пассивті тұтынушы емес, материалмен өзара әрекеттесудің белсенді қатысушысы болатын баяндаудың жаңа формаларын жасау үшін пайдаланылады. Ұсынылып отырған материалда медиа-практикадағы датафикацияның теориялық негіздері қарастырылады, интерактивті журналистиканың сәтті жобаларының мысалдары талданады, сонымен қатар деректерді түсіндіруге, ақпараттың қолжетімділігіне және журналистің рөлін өзгерту мәселе-лері талқыланады. Бұл үрдістердің медиа тұтынуға, аудиторияның қаты-су деңгейіне және ақпараттың сенімділігін қабылдау әсеріне ерекше ден қойылады. Әрекеттер тізбегіне тәуелділіктің артуы мен деректерді авто-маттандырылған өңдеу жағдайында этикалық және кәсіби стандарттарға қатысты мәселелер қарастырылады. Датафикация журналистиканың дәстүрлі жанрларын қалай өзгертетіні және дата-стори, визуалды анали-тика әрі үлкен деректерге негізделген жарияланымдар сияқты жаңа форматтардың қалыптасуына ықпал ететіні қарастырылады. БАҚ өкілдері арасында да, медиа контентті тұтынушылар арасында да цифрлық сауаттылықты дамыту қажеттілігіне баса назар аударылады. Қорытындылай келе, медиа зерттеулерді, ақпараттық технологиялар мен әлеуметтануды біріктіретін дата-журналистиканы зерттеуге пәнаралық көзқарастың маңыздылығы айтылды. Келешек журналистикадағы деректерді өңдеу және визуализациялау үрдістеріне интерактивті деректерді біріктіру перспективалары қосымша қарастырылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асанов, К. ., & Сиязбаев, Н. . (2026). Қазіргі журналистикадағы деректілік және интерактивтілік. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 155(2), 101–110. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-101-110

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)