Медиаэкожүйесіндегі Дипфейк: синтетикалық ақпарат және оның цифрлық аудиторияға әсері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-79-100

Кілт сөздер:

дипфейк, синтетикалық медиа, бұқаралық ақпарат құралдарына сенім, цифрлық аудитория, дезинформация, манипуляция

Аңдатпа

Мақалада дипфейк феномені жеке технологиялық инновация ретінде
емес, цифрлық медиақызметтің өндірістік логикасына және аудиторияны эмоциялық
тұрғыдан тарту механизмдеріне кіріктірілген қазіргі заманғы медиакеңістіктің
құрылымдық құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты —
жасанды интеллект негізінде генерацияланған медиаконтенттің ақпаратты қабылдау
үдерістеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімнің қалыптасуына
ықпалын талдау, сондай-ақ дипфейк-контентті зерттеудің типологиялық тәсілін
ұсыну. Зерттеудің әдіснамалық негізін медиасенім, цифрлық дезинформация және
синтетикалық медиа теориялары, сондай-ақ дипфейктердің әртүрлі формаларын
жүйелеуге бағытталған эмпирикалық талдау элементтері құрайды. Зерттеу нәтижелері
дипфейктердің медиакеңістіктегі жүйелік сипатқа ие құбылыс екенін, олардың
манипуляция, үгіт-насихат және дезинформация тәуекелдерін арттырып, цифрлық
аудиторияның медиаконтентке деген сенім деңгейінің төмендеуіне ықпал ететінін
көрсетеді. Дипфейктерді жіктеудің техникалық параметрлермен шектелмей, олардың
ықпал ету деңгейі мен семантикалық бағытталуына негізделген типологиясын әзірлеу
қажеттілігі негізделеді. Атап айтқанда, манипулятивтік, насихаттық, дезинформациялық
және ирониялық формалар айқындалады. Мақалада синтетикалық медиамен күресуге
бағытталған қолданыстағы журналистік және редакциялық тәжірибелердің, соның
ішінде верификация құралдарының, аудиторияның ақпаратты тұтыну және тарату
мәдениетін трансформациялаусыз шектеулі тиімділікке ие екені туралы тұжырым
жасалады. Цифрлық қоғам жағдайында ақпараттық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз
ету медиамамандар мен пайдаланушылар арасындағы жауапкершілікті қайта бөлуге,
сондай-ақ превентивті журналистика мен аналитикалық форматтарды дамытуға
тәуелді екені негізделеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Калиаждарова, Ш., Ашенова, С., & Сейтжанова, Ж. . (2026). Медиаэкожүйесіндегі Дипфейк: синтетикалық ақпарат және оның цифрлық аудиторияға әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 155(2), 79–100. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-79-100

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)