Цифрлық трансформация кезеңіндегі Ұлыбритания журналистикасының нормативтік принциптері


Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 96

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-7-22

Кілт сөздер:

Ұлыбритания медиасы, журналистік принциптер, журналистік норматив, цифрлық трансформация

Аңдатпа

Бұл ғылыми шолуда цифрлық трансформация кезеңіндегі Ұлыбританияның журналистік норматив принциптеріне сапалық тал-дау жасалған. Соңғы жылдардағы жаһандық сипаттағы технологиялық және геосаяси толқулар әлемдік журналистика стандарттарының кей тұстарын қайта қарауға итермелеп жатыр. Алайда, ешқандай өзгеріске қарамастан сақталуы тиіс алтын ережелер де бар. Мақала авторлары өз-дерінің Ұлыбританиядағы бірнеше жылдық оқу мен тағылымдамасына сүйене отырып, сапалық және теориялық талдау жасап, негізгі қағидалар-ды айқындауға тырысады. Зерттеу дизайны интерпретативтік ұстанымға сүйенген және теориялық тұрғыдан негізделген салыстырмалы шолу ретінде қалыптастырылды. Бұл тұрғыда нормативтік теориялар журна-листиканы оның “қандай болуы тиіс” деген құндылықтық критерийлер арқылы түсіндіреді, ал салыстырмалы медиа жүйелер шеңбері зерттеу нысаны ретінде алынған Ұлыбританияны либералдық модель аясында сипаттауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында дереккөз ретінде ғылы-ми мақалалар, нормативтік және институционалдық құжаттар сондай-ақ цифрлық дәуір жағдайындағы журналистиканың трансформациясына арналған академиялық еңбектер пайдаланылды. Өзекті тақырыпты зерт-теп, квартилі жоғары журналдарда жарияланып жүрген ғалымдардың салмақты тұжырымдарына және зерттеу институттарының соңғы есеп-теріне ден қойылды. Ішінара Қазақстанмен салыстыра отырып, өзекті пайымдаулар жасалды. Ғылыми еңбек журналистикада оқитын студент-тер мен оны оқытып жүрген оқытушыларға, сондай-ақ осы тақырыпқа қызығатын зерттеушілерге тың білім мен сараптама көзі ретінде пайда-лы болмақ.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сайлауқызы, А., & Жамалова, А. (2026). Цифрлық трансформация кезеңіндегі Ұлыбритания журналистикасының нормативтік принциптері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 155(2), 7–22. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2026-155-2-7-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)