Алаш қозғалысы мен «Мэйдзи исин» бағдарламасының баспасөзге ықпалы


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

Алаш, Мэйдзи исин, баспасөз, ұлт, тарих, қоғам, журналистика

Аңдатпа

Бұл зерттеу мақаласы қазақ қоғамында үлкен өзгерістердің бастамасы болған «Мэйдзи исин» бағдарламасы мен ұлттық журналистиканың бастауына негіз болған Алаш баспасөзі туралы. ХХ ғасырдың басы қазақ қоғамы үшін ұлы өзгерістер кезеңі болды. Бұл өзгеріс оқыған алаш азаматтарының алға шығып, атқа қонуына себепкер болды.  Мақаланың өзегі болған «Мэйдзи исин» бағдарламасының пайда болу кезеңі ғылыми тұрғыдан сарапталып, зерттелді. Жапондық бағдарламаны қазіргі тұрғыдан қарастырып, ғылыми тұжырымдар жасау және оны қоғам игілігіне ұсыну авторлардың басты міндеті ретінде айқындалды. Қазақ қоғамындағы жаңашылдығымен ерекшеленген, болашаққа бағыт-бағдар берген саналы әрі сапалы құбылыс ретінде Алаш қозғалысының баспасөзге әсері зерттеліп, осы бағытта ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалды. Ұлт әдебиетін, мәдениеті мен ғылымын биік деңгейге көтеруге үлес қосқан Алаш баспасөзінің қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі ерекше. Зерттеу мақаласының мақсаты – Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуына әсер еткен «Мэйдзи исин» бағдарламасының тарихи маңызы мен қажеттілігін талдай отырып, оның идеялық ұстанымдарының қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарастары мен ұлттық баспасөздің дамуына ықпалын жан-жақты қарастыру. Мақалада тарихи талдау, салыстырмалы талдау әдістері қолданылған. Зерттеу жұмысы төл тарихын танып, ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін, мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңірген ұлт қана әлемдік аренада өз орнын таба алатынын негізге ала отырып жазылды. Алынған зерттеу нәтижелері негізінде Алаш қозғалысы мен «Мэйдзи исин» бағдарламасының қазақ журналистикасына тигізген ықпалы ғылыми тұрғыдан сараланды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каримова, Б., Койгельдиева, З. ., & Нaбиевa Л. (2026). Алаш қозғалысы мен «Мэйдзи исин» бағдарламасының баспасөзге ықпалы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 154(1), 180–189. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/939

Журналдың саны

Бөлім

Статьи