Сараптамалық телебағдарламаларды форматтаудағы инновациялық тәсілдер


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

телевизия, контент, сараптамалық бағдарлама, ақпарат, аудитория

Аңдатпа

Сараптамалық бағдарламалар тек ақпарат таратумен шектелмейді. Олар қоғамдағы маңызды мәселелер мен елеулі оқиғаларды терең талдап, жан-жақты қарастырады. Жаңа форматтардың пайда болуы мұндай бағдарламалардың тиімділігін арттырып, аудиториямен өзара әрекеттестігін күшейтеді. Бұл жұмыста отандық теларналардағы аналитикалық бағдарламалардың жаңа форматтары мен олардың қазіргі ақпараттық талаптарға сай даму ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу бұл форматтардың құрылымдық, мазмұндық және техникалық трансформацияларын анықтауға және аудиториямен тиімді коммуникация орнату тәсілдерін талдауға бағытталған. Мақалада аналитикалық бағдарламалардың жаңа форматтарын саралай отырып, қазақстандық медиакеңістікте сапалы телевизиялық контент қалыптастыру жолдары ұсынылады. Мақалада дәстүрлі және қазіргі заманғы қазақстандық аналитикалық бағдарламалар форматтарының ара-жігі ажыратылып, олардың даму бағыттары ашып көрсетіледі. Жаңа форматтағы сараптамалық бағдарламаларды анықтаудың негізі ретінде аймақтық «Қостанай» телеарнасы мен республикалық «Хабар» және «КТК» арналары таңдалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-04-28

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жусупова, А., Маркабаева, Г. ., & Ержанова, Ж. (2026). Сараптамалық телебағдарламаларды форматтаудағы инновациялық тәсілдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 154(1), 7–24. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/929

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)