Интерактивті оқыту стратегиясын жүзеге асыру жолдары: журналистика, филология және техникалық мамандықтар үлгісінде


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

интерактивті оқыту, педагогикалық инновация, заманауи әдістер, стратегиялар, жаңа технологиялар

Аңдатпа

Интерактивті оқыту стратегиясы – соңғы онжылдықта білім беру саласының барлық түрінде белсенді қолданылып жатқан кең мағыналы ұғым. Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру процесінің әдістерін заманға сай үздіксіз жаңарту, жетілдіру, дамыту және толықтыру – білікті маман даярлау арқылы қоғам дамуының талабына сай болудың маңызды шарты. Заманауи педагогика арқылы кәсіби білім беру құралдарының бірі – инновациялық технологиялар, ендеше оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынасының жаңа тәсілдері мен әдістері толассыз ізденісті, сараптауды және зерделеуді талап ететіні анық. Мультимедиалық, интерактивті, цифрлық және коммуникациялық технологиялар дәуірінде халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау және олар оқитын білім бағдарламаларының сапасын арттыру бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды. Ғылыми мақалада оқытудың дәстүрлі формаларына негізделе отырып жетілдірілген, сондай-ақ цифрлық технологияның дамуымен бірге пайда болған инновациялық және интерактивті оқыту әдістерінің сипаты, мақсаты мен ерекшеліктері сарапталады. Журналистика, филология және технология мамандықтарын меңгеріп жатқан білім алушыларға қолданылатын тиімді әдістер сараланып, салыстырыла пайымдалады. ХХІ ғасыр талап етіп отырған сыни ойлай білу, оперативтілік, өндіріске бағытталу, креативтілік сынды қасиеттерді студенттердің бойында шыңдау барысында оқытушыға да қойылатын талап-шарттар, заманға сай дағдылар сипатталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сайлауқызы, А., Сыздықова, Л. ., & Түсіпова, Г. . (2026). Интерактивті оқыту стратегиясын жүзеге асыру жолдары: журналистика, филология және техникалық мамандықтар үлгісінде. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 153(4), 105–119. Retrieved from https://buljourn.enu.kz/index.php/main/article/view/877

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)