Цифрлық медиадағы копирайтинг пен рерайтинг: кәсіби айырмашылықтар және этикалық мәселелер
Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 69
Кілт сөздер:
копирайтинг, рерайтинг, цифрлық медиа, әлеуметтік желілер, этика,, кәсіби тәжірибеАңдатпа
Бұл мақалада цифрлық медиа кеңістігіндегі копирайтинг пен рерайтинг кәсіби тәжі- рибелер ретінде қарастырылып, олардың функционалдық айырмашылықтары, әдіснамалық ерекшеліктері және этикалық мәселелері талданады. Зерттеуде копирайтингтің тарихи қалыптасуы, әлеуметтік желілер мен цифрлық платформалар жағдайындағы мәтін өндірісінің трансформациясы, сондай-ақ қазіргі контент нарығындағы рерайтингтің рөлі сарапталады. Зерттеу барысында сапалық талдау, салыстырмалы әдіс және нормативтік бағалау тәсілдері қолданылды. Нәтижелер копирайтингтің стратегиялық әрі креативті ықпал ету құралы екенін, ал рерайтингтің негізінен мәтінді бейімдеу мен техникалық оңтайландыру функцияларын атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар кәсіби рерайтинг жоғары тілдік құзыреттілікті талап ететінін және оны механикалық мәтін өңдеумен шектеуге болмайтынын дәлелдейді. Мақалада рерайтингке қатысты авторлық құқық, контенттің қайталануы, жалған жарнама және жасанды интеллект арқылы мәтін генерациялау мәселелері секілді этикалық тәуекелдерге ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері цифрлық коммуникация саласында копирайтинг пен рерайтингтің кәсіби шекараларын айқындауға және этикалық стандарттардың маңызын күшейтуге бағытталған.
