Блогерлер және мемлекет: ықпалдылығы немесе қайшылығы


Қаралымдар: 59 / PDF жүктеулері: 94

Авторлар

  • Н.Ж. Көшкенов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Х.С. Молдабаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-15-22

Кілт сөздер:

блогерлер, мемлекеттік мекемелер, БАҚ, баспасөз қызметі, баспасөз хатшылары

Аңдатпа

Әлеуметтік медианы көбірек пайдалану қажеттілігі артып келе жатқанына қарамастан,
мемлекеттік органдар қоғаммен қарым-қатынасын арттыруы кейде қиынға соғады. Екінші жағынан алып
қарағанда, жеке интернет қолданушылары әлеуметтік желілерде жүздеген мың оқырмандары мен жазылушыларын тез жинайды. Мақалада Қазақстандағы адамдардың әлеуметтік желілерді қалай пайдаланатыны туралы деректерге талдау жасалып, блогерлер, журналистер мен редакторлардың арақатынасы
жайлы эмпирикалық зерттеулер келтірілген. Сондай-ақ, контрпункт ретінде баспасөз хатшыларының,
баспасөз қызметі қызметкерлерінің және мемлекеттік органдардың баспасөз атташесінің сараптамалық
сұхбаттары келтіріледі. «Виртуалды шайқас» деп авторлар блогерлер, журналистер және мемлекеттік
органдар мен олардың баспасөз қызметтерінің өкілдері арасындағы күрделі қарым-қатынасты білдіреді.
Мемлекеттік институттар мемлекеттің ақпараттық және идеологиялық жұмысына заманауи әдістерді,
тәсілдер мен форматтарды қолдануы қажет. Қазір біз басқа қоғамда өмір сүріп жатырмыз – ешнәрсе назардан тыс қалмайды әрі интернет пен әлеуметтік медиа ресми билікке қарағанда тезірек әрекет етеуде

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Көшкенов N., & Молдабаев K. (2022). Блогерлер және мемлекет: ықпалдылығы немесе қайшылығы. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 141(4), 15–22. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2022-141-4-15-22

Журналдың саны

Бөлім

Статьи