Әлеуметтік желілер бренд пен тұтынушы арасындағы байланыс құралы ретінде
Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 31
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-152-3-124-138Кілт сөздер:
Әлеуметтік желілер, бренд, тұтынушы, коммуникациялық стратегия,, контент, Лассуэлл моделі, AIDA моделіАңдатпа
Қазіргі медиажүйеде әлеуметтік желілердің рөлі артып, бренд пен тұтынушы арасындағы жедел әрі бейімделген байланыс орнатудың маңызды тетігіне айналды. Бұл жағдай брендтердің стратегияларын қайта қарап, жаңа тәсілдерді енгізуге алғышарт жасады. Мақалада Apple, Samsung және Xiaomi компанияларының Instagram мен YouTube платформаларындағы ресми парақшалары зерттеу нысаны ретінде алын- ды. Зерттеудің мақсаты – әлеуметтік желілердегі брендтердің коммуника- циялық стратегияларын салыстыру және нәтижелі тәсілдерді айқындау. Контент-талдау AIDA және Гарольд Лассуэлл модельдері негізінде 2024 жылдың қыркүйек, қазан және қараша айларындағы жарияланымдар бойынша жүргізілді. Сандық және сапалық көрсеткіштерді салыстыру нәтижесінде коммуникация табысының контент сапасына, жарияланым жиілігіне, контенттің стильдік бірізділігіне және эмоциялық байланыс орнату қабілетіне тәуелді екені анықталды. Зерттеу нәтижелері брендтердің әлеуметтік желілерде аудиториямен тиімді өзара әрекет орнатуы үшін контентті әртараптандыру, аудитория ерекшеліктерін ескеру және трендтерді уақтылы әрі жүйелі пайдалану қажеттігін айқындайды. Осылайша, зерттеу қорытындылары жоғары цифрлық бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың тұрақты қызығушылығын және олардың брендке деген адалдығын қалыптастыруға ықпал ететін практикалық ұсынымдар әзірлеуге негіз бола алады.
