TikTok-тағы бейнеконтенттің жастарға ықпалы: ұлттық бірегейлік пен мәдени коммуникация
Қаралымдар: 155 / PDF жүктеулері: 93
Кілт сөздер:
TikTok, жастардың медиатұтынуы, ұлттық контент, қазақы болмыс, цифрлы коммуникацияАңдатпа
Бұл мақалада әлеуметтік желіде тараған бейнелі контенттің ұғымы мен оның қазіргі жастар арасында қаншалықты дәрежеде таралып жатқанын анықтауға бағытталады. Әрі ұлттық контенттің жастар арасында қаншалықты дәрежеде таралып жатқанын, сол арқылы адамдардың болмысындағы қазақилық формасы ретінде сипатталады. Зерттеу еңбегінде TikTok әлеуметтік желісі туралы теориялық негіздері, сонымен бірге оның жастар арасында таралу ауқымына байланысты ғылыми пікірлері талданады. Автор цифрлы құралдарды пайдалану арқылы қазақы болмыс пен оның ерекшеліктерінің заман ағымына сай өзгеріп жатқанын қарастырады. Одан бөлек Қазақстандағы жастардың цифрлы құралдарды пайдалану ерекшеліктері туралы статистиканы қарастыра отырып, оны нақты мысалдар арқылы дәлелдеуге тырысады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта әлеуметтік медиада айтыс қарқынды таралуда. Осы арқылы оның нақты көрермен аудиториясын анықтай отырып, коммуникациядағы оқырмандардың, контентке пікір беруші адамдардың ерекшеліктері де қатар қарастырылады. Мақалада бір контенттің әр акаунттарда жариялану мүмкіндіктері де қатар қарастырылып, көрсетіледі. Соңғы жылдары елімізде әлеуметтік желілерді қолдану мүмкіндігі жеңіл әрі нақты көрсеткіштерге сүйенетіндіктен, олардың белгілері анық байқалады. Зерттеу нәтижесінде әлеуметтік желіде жарияланған бейнелердің ұқсастықтары мен олардың қаралым саны, жазылған пікір ерекшеліктерін анықтап, одан нақты қандай мәселелерге тап болатынын анықтайды және шешу жолдарын ұсынады.
