Ақпараттық кеңістіктегі әдеби блогтар: цифрлық мәдениет феномені
Қаралымдар: 177 / PDF жүктеулері: 95
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-120-133Кілт сөздер:
әдеби блогтар, цифрландыру, баспа ісі, оқу мәдениеті, кітап блогы, BookTok, блогосфераАңдатпа
Цифрландыру дәуірінде әдеби блогтар мәдени кеңістіктің маңызды элементтеріне айналып, оқу мәдениетіне және баспа индустриясына әсер етуде. Бұл мақалада әдеби блогтар және олардың әдебиетті насихаттаудағы, оқырмандардың талғамын қалыптастырудағы және кітаптарды ілгерілетудегі рөлі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – баспалар мен әдеби блогтардың отандық және халықаралық ақпараттық кеңістіктегі өзара әрекетін сипаттау. Мақаланың ғылыми және практикалық маңызы – блогерлердің кітап нарығына ықпал ету механизмдерін қарастыру және олармен баспалардың тиімді өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін анықтау. Әдеби блогтардың танымалдығы мен оқырман аудиториясына ықпалы артып келе жатқанына қарамастан, бұл сегмент әлі де жеткілікті түрде зерттелмеген. Материалда зерттеу тарихына шолу жасалып, осы тақырыпқа жақын ғалымдар мен мамандардың негізгі еңбектері аталып өтіледі және олардың зерттеу нысандары айқындалады. Зерттеу әдістемесіне блогтардың контент-талдауы, әлеуметтік желілердегі оқырмандармен өзара әрекеттестігін зерттеу және кітаптарды ілгерілету мысалдарын талдау кіреді. Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары әдеби блогтар кітап маркетингіндегі жаңа ойыншылар ретінде цифрландыру жағдайында әдебиетті ілгерілетуде және оқырмандар аудиториясын кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Бұл зерттеудің құндылығы – блогерлерді кітап индустриясын дамытуға пайдаланудың әлеуетін анықтауында. Практикалық маңыздылығы – әдебиетті насихаттау үшін блогерлермен тиімді ынтымақтастық орнату бойынша баспагерлер мен авторларға арналған ұсыныстар беруінде.
