Аймақтық БАҚ-тың қоғамдағы рөлі


Қаралымдар: 26 / PDF жүктеулері: 24

Авторлар

  • А.П. Жанысбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • М.Б. Шындалиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-123-2-47-53

Кілт сөздер:

аймақтық, әлеумет, саясат, жаһандану, қоғам

Аңдатпа

Бұл мақалада аймақтық газет, журнал, радио, телевизия тарихына тыңғылықты
зерттеу жүргізу қажеттігі, журналистиканың дамуы мен қалыптасу жолы, барлық облыстарда
кеңес заманында, қазір шығып отырған мерзімді басылымдардың қызметі мен рөлі сөз болады. Аймақтық журналистиканың қалыптасуына саясаттың әсері басым екендігі, аймақтардағы телеарна,
радио, баспасөздің қалыптасу, даму тарихы аймақтың рухани-мәдени өмірімен біте қайнасып жататындығы талданған. Аймақтық баспасөздің саяси күрес құралы ретіндегі қызметі, ғаламтордың
дамуына байланысты БАҚ аймақтық ақпараттық сұранысты қанағаттандыру жағы мен Қазақстанның ақпараттық-коммуникативті кеңістікке қосып отырған үлесі де жан-жақты сөз болады.
Аймақ экономикасы мен әлеуметтік ахуалының жағдайын аудандық газеттерден
көретініміз, әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері, өмір сүру салты, жергілікті жерге ғана тән дүниетанымдық стереотиптер мен құндылықтар бұл мақалада толық қамтылған. Өңірлердегі баспасөз қоғамдық өмірі, дамуы, саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік капиталдың
құрылуы, өзара іс-қимыл жасайтыны әлеуметтік топтармен, мекемелермен арадағы
тұрақты байланыс желісі жайында да сөз болады. Билік пен халық арасындағы саяси
диалогты ұйымдастыруда бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай және аймақтық баспасөзге
жекелеген түрде үлкен жауапкершіліктер жүктелген. Бұл мақалада БАҚ-тың трансформациясы,
аймақтық БАҚ саяси коммуникацияның күшті, әрі ықпалды арнасы болып қала беретіні, БАҚ бір
мезгілде басшысының саяси преференцияларына тәуелденіп, саясаттануы сөз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жанысбаева, А. ., & Шындалиева, М. . (2018). Аймақтық БАҚ-тың қоғамдағы рөлі. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 123(2), 47–53. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2018-123-2-47-53

Журналдың саны

Бөлім

Статьи