Әлеуметтік коммуникация мен кибермәдениеттегі медиаконвергенция
Қаралымдар: 142 / PDF жүктеулері: 176
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-144-3-87-102Кілт сөздер:
медиа, дәстүрлі медиа, конвергенция, әлеуметтік коммуникация, кибер-мәдениет, медиа-контентАңдатпа
Мақалада медиа-конвергенцияның әлеуметтік коммуникация мен кибер-мәдениетті қалыптастырудағы рөлі зерттеледі. Медиа-конвергенцияның әртүрлі аспектілерін және оның қоғамдық қатынастардағы орнын, дәстүрлі мәдениетпен байланысын талқылау барысында ғылыми тұжырымдар жасалды. Зерттеу бұқаралық ақпарат құралдарының конвергенциясы адамдар мен медиа арасындағы өзара әрекеттестіктің айқындаушы факторына айналғанын растады.
Зерттеу барысында медиа-конвергенция кибер-мәдениеттің дамуына қаншалықты ықпал ететіні сарапталды. Адамдар өздерінің цифрлық қауымдастықтары мен топтарын құра отырып, әлеуметтік желілер, форумдар, блогтар және басқа да онлайн алаңдар арқылы өзара белсенді әрекеттеседі. Виртуалды кеңістікте олар білімдерімен, қызығушылықтары мен жаңа идеялармен бөліседі, осылайша, кибер-мәдениеттің заманауи үлгілерін жасайды. Авторлар осындай белсенді байланыстардың ықпалымен медиа-конвергенция ақпарат пен ойын-сауықтың қолжетімділігі мен қолайлылығын жақсартатынын көрсетеді.
Мақаланың қорытынды нәтижелерінде медиа-конвергенция әлеуметтік коммуникация мен кибер-мәдениетті қалыптастыруда маңызды анықтаушы фактор екені дәлелденді. Конвергенция құбылысының адамдардың өзара қарым-қатынасына және жалпы ақпараттық қоғамның даму траекториясына ықпалы бағаланды.
Жұмыстың қорытынды тұжырымында бұқаралық коммуникация құралдарындағы конвергенттік үрдістерді зерттеу – мемлекет пен қоғамның дамуындағы процестерді болжауға, әлеуметтік коммуникация мен виртуалды мәдениетті қоғамға пайдалы арнаға бұруға арналған стратегияларды әзірлеуге көмектесетіні анықталды.