Жарнамалық коммуникацияда трансмедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 51
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-130-1-67-72Кілт сөздер:
жарнама, жарнамалық коммуникация, трансмедиа, цифрлық ұрпақ, мерчендайзинг, монетизация, трансмедиалық сторителлинг, шектесу нүктелеріАңдатпа
Мақалада жарнама нарығында трансмедиалық технологияларды қолдану мен медиа кеңістіктегі жарнамалық коммуникацияның жаңа түрлері мен ерекшеліктері зерттелген. Жарнаманың ақпараттық технологиялар мен жаңа медиалар жүйесі арқылы таралу тетіктері анықталған.
Трансмедианың теориялық тұжырымдарын жасау мен ақпараттық-коммуникация саласының даму
кезеңдеріне қатысты дамуы сарапталған. Қоғамның ақпараттық коммуникативтік әлеуетін өсіруге
қажетті ұсыныстар берілген.
Мақалада жарнамалық коммуникация нарығындағы үрдістер, трансмедиа технологияларын
қолдану әдістері,жарнама мен трансмедиалық стратегияның маңызы, аудиторияға әсері, медиалар
қызметіндегі жарнаманың орны жүйеленіп, талданған.
Автор жарнамалық коммуникацияның даму жолдарын анықтап, болжау мақсатында тиімді
әдістемелер қолданған. Жарнамалық коммуникацияда ұлттық ерекшеліктерді сақтау арқылы оның
тиімділігін өсіруге, адам мен қоғамның мүддесіне қолдану мәселелері де жан-жақты зерттеліп,
нақты дәлелдермен тұжырымдалған.