Өңірлік телеарналардағы техникалық өзгерістер: формат ерекшеліктері
Қаралымдар: 58 / PDF жүктеулері: 74
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7174-2020-132-3-62-67Кілт сөздер:
медиакеңістік, медиа-жүйе, өңірлік медиа-жүйелер, трансформация, жаңа технология, телекамера, облыстық теле және радио комитет, жаңа форматАңдатпа
Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде, телеарналардың
жұмыс істеу тәсілдері мәселелеріне қатысты ғалымдар диссертация қорғап, ғылыми
мақалалар жазып жатыр. Телеарна пайда болғаннан бастап әртүрлі өзгерістерге ұшырады. Оның ішінде, контентке, жабдықтары мен көрсетілімнің сапасы да өзгеріп отырды және әлі де өзгеретіні сөзсіз. Алайда өңірлік телеарналар қашанда осы зерттеулерде
қамтылмай қалады, себебі әр өңірдің телевизиясы жайлы жазып жатқандар кемде-кем.
Материалдың аз, оның үстіне, кейбір аймақтық арналардың мұрағаттарында құжаттар сақталмаған. Дегенмен, автор түрлі материалдарға сүйене отырып, телеарналарда
болған технологиялық өзгерістерді және формат ерекшеліктерін нақты мысалдарға, медиа сарапшылардың еңбектеріне сүйеніп жазған.