Қазақстан Республикасындағы БАҚ пен билік арасындағы қарым-қатынастың заманауи медиа сын-тегеуіріндері


Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 142

Авторлар

  • Ж.Ж. Утемисов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Н.Ж. Кошкенов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-134-1-37-51

Кілт сөздер:

қоғамдық бақылау, БАҚ-тың еркіндік деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдарының теориялары мен модельдері, плюрализм қағидаттары, БАҚ пен билік, сенімсіздік дағдарысы, Әл-Жазира

Аңдатпа

Мақалада қазіргі Қазақстан билігі мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарым-қатынасының негізгі аспектілері қарастырылған. Бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекет тарапынан
ықпал етуінің негізгі тетіктері зерттеліп, жергілікті баспасөз бостандығының деңгейі және оның қоғам
мен мемлекет арасындағы тәуелсіз бағдаршы ретіндегі рөлі зерделенді. Баспасөз жекелеген адамдар мен
әлеуметтік стереотиптер арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуметтік бақылау жүйесінің бет бейнесі
болғандықтан бұқаралық ақпарат құралдарының күнделікті жұмысы аясында БАҚ-тың негізгі моделдері мен теориялары қарастырылып, олардың қайсысы мемлекет және бұқаралық ақпарат құралдарының қарым-қатынас әдістеріне сәйкес келетіні мәлім етілді.
Мысал ретінде, Қатар мемлекетінің Таяу Шығыс үшін көрнекі ақпарат құралдарының жаңа формациясының ізашарына айналған «Әл-Жазира» телеарнасын ашу тәжірибесі қарастырылды. Нәтижесінде,
Қатар мен Қазақстандағы ақпараттық ортаның ұқсастық элементтері, еліміздегі саяси жағдайдың шындықтарына сүйене отырып «Әл-Жазира» телеарнасын құру мүмкіндігі анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Утемисов, Ж. ., & Кошкенов, Н. (2021). Қазақстан Республикасындағы БАҚ пен билік арасындағы қарым-қатынастың заманауи медиа сын-тегеуіріндері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Хабаршысы. ЖУРНАЛИСТИКА сериясы, 134(1), 37–51. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2021-134-1-37-51

Журналдың саны

Бөлім

Статьи