Сейдәзім Қадырбай публицистикасындағы құқықтық мәселелер


Қаралымдар: 114 / PDF жүктеулері: 106

Авторлар

  • А. Сайлауқызы M.С. Нарикбаев aтындағы KазГЮУ университеті
  • Г. Құрманғалиева-Ерджиласун Анкара Қажы Байрам Уәли университеті
  • А.М. Шүрентаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-115-125

Кілт сөздер:

Сейдәзім Қадырбай, құқықтық журнaлистика тарихы, алаштану, заң тілі

Аңдатпа

Мақалада алаш қайраткері, құқық саласының білгірі болған Сейдәзім Қадырбайдың мұрасы мен ондағы тілдік құрылым құқықтық публицистика ракурсынан қарастырылған. Халықаралық талапқа сай құқықтық журналистика үдесінен шыққан қазақ тіліндегі заң актілерінің түсіндірілуі мен оның халыққа насихатталу жолдарына алғаш рет баға беріледі. Өмірі мен еңбегі әлі де толық зерттелмей келе жатқан публицист, құқықтанушының қызметі туралы өткен ғасырда сөз қозғаған З.Тоғанның Стамбулдан жарық көрген туындыларындағы Сейдәзім Қадырбайдың тұлғалық болмысы сараланады. Оның Алаш ұлт-азаттық қозғалысындағы рөлі мен қызметі ғылыми тұрғыдан сарапталады. Публицистік мақалаларына сипаттама беріліп, мән-мазмұнына шолу жасалады.

Құқықтық лексиканың іргетасын қалаушылардың бірі болған Сейдәзім Құлмағамбетұлының танымдық-ағартушылық миссияны атқарған тәржімалық еңбектерінің нәтижелері де өзектілік қағидасына сай талданып, қазақ танымына сай, қабылдауға оңай, тілге жатық құқық тілін қалыптастырудағы еңбегі нақты мысалдармен айқындалады. Сол кездегі баспасөзде жaрияланған мақалалары салалық журналистиканың, яғни құқықтық публицистиканың әлеуеті тұрғысынан талданады.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сайлауқызы, А., Құрманғалиева-Ерджиласун, Г., & Шүрентаев, А. . (2023). Сейдәзім Қадырбай публицистикасындағы құқықтық мәселелер. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 143(2), 115–125. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-115-125

Журналдың саны

Бөлім

Статьи