«Ақ жол» газетіңдегі ұлттық идея


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 105

Авторлар

  • З.Ж. Койгельдиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Г.Қ. Ертасова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-108-114

Кілт сөздер:

«Ақ жол» газеті, мерзімді баспасөз, ұлт тағдыры, реформа, жер, ашаршылық, қазақ-қырғыз, қозғалыс, үкімет

Аңдатпа

«Ұлт үмітін ақтаған – «Ақ жол» атты мақаланы жазудағы мақсатымыз, ХХ ғасырдың  басындағы  мерзімді баспасөзде  жарық көрген жарияланымдарға сипаттама беру. Басылымда жарық көрген мақаланың  ашаршылық мәселесін, жер-су реформаларын, ұлт тағдырын, әлеуметтік тақырыпты қозғаған ерекшелігіне тоқталамыз.

 Елді индустрияландыру, ұжымдастыру бағытында жүрген саясаттың басылым бетінде жариялануы,  ұлттық баспасөздің қоғамдағы маңызын арта түскенін зерттеп-зерделеу барысында көзімізді жеткіземіз.

Тақырыптың  құнды  дерегін арттыруға үлес қосқан алаш қайраткерлері А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Қожанов, Ж.Аймауытовтардың еңбектеріне талдау жасаймыз. Мақаланы жазу барысында «Ақ жол» мерзімді басылымының көптомдығын пайдаландық.

Сол кезеңнің талабы бойынша  мерзімді баспасөзде  жаңа құрылған үкіметтің ұстанған бағыты туралы  көп жазылды. Басылымда жарияланған материалдар  арқылы  Алаш қозғалысына, ашаршылыққа, жер, әйел тақырыбы, мәдениет, әдебиет тақырыбына баға береміз.

Мерзімді баспасөзде Ресейдегі төңкерістің «мән-жайын»баяндайтын, «ортақшылдар» туралы  мақалалар жиі жарияланып тұрды. Патшалық дәуірдің  аз ұлттар «қазақ-қырғызға  беретін пайдасы» туралы да жазылғанын зерттеу барысында байқадық. Қазақ қоғамында болып жатқан қозғалыс, дәл Ресейдегідей сипат алмаса да, аздаған таптық сипат алғанын жасыра алмадық.

Қазақ халқының болмыс-бітімін, әлеуметтік жағдайын жан-жақты жазумен бірге,  үлкен қозғалыс жасауға шақырған газет екеніне көзіміз жетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Койгельдиева, З. ., & Ертасова, Г. . (2023). «Ақ жол» газетіңдегі ұлттық идея. Bulletin of L.N. Gumilyov Eurasian National University. JOURNALISM Series, 143(2), 108–114. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2023-143-2-108-114

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)